Құмаршық
Көрініс
Құмаршық | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Agriophyllum squarrosum
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Құмаршық (лат. Agriophyllum) [1] - алабота тұқымдастарына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биіктігі 20— 100 см-дей.
- Сабағы түп жағынан бастап тармақталып өседі.
- Жапырағы қандауыр пішінді әрі тікенекті болады.
- Тамыз—қазан айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі 3,5— 5,5 мм-дей түксіз үлпілдек қанатты дәнек.
- Тұқымы жұмыртқа тәрізді алқызыл түсті келеді.
Таралу аймағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан аймағының Мойынқұм құмды алқабындағы еспе құмда өседі. Қаратөбе, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы ауданында да жиі кездеседі.[2]
Шаруашылықтағы қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құмаршық — мал азығы. Сүрлемге салынады.
Көшпенділер оның тұқымынан ұн жасап нан пісірген, жай ботқа да жасаған.
Тұкымынан май алынады, ол күнбағыс майынан бірде-бір кем емес.
Құм көшкінін тоқтату үшін де егіп өсіреді.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2