Қазақстан — Солтүстік Македония қатынастары
Солтүстік Македония |
Қазақстан |
Қазақстан — Солтүстік Македония қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Дипломатия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1995 ж. – Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.
2014 ж. қазан айында Қазақстан Республикасында Солтүстік Македония Республикасының Елшілігі (Астана қаласы) ашылды.
2020 жылғы қыркүйектен бастап ҚР-дың СМР-дағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдірашов (Будапешт қаласындағы резиденциясымен) болып табылады.
2020 жылғы қарашадан бастап СМР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сали Лиманы болып табылады.
Алматы қаласында 2018 ж. қазаннан бастап Солтүстік Македонияның Құрметті Консулдығы жұмыс істейді.
Саяси қатынастар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитіне СМР Президенті Георге Иванов қатысты.
2012 ж. 1-3 шілдеде СМР Президенті Г.Ивановтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті.
2013 ж. 22-24 мамырда СМР Премьер-министрі Никола Груевски бастаған делегациясы VI Астана экономикалық форумының жұмысына қатысты.
2014 ж. 28 тамызда Анкара қаласында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың СМР Президенті Г.Ивановпен екіжақты кездесуі өтті.
2019 жылғы 21-23 тамыз кезеңінде ҚР Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Скопье қаласына жұмыс сапары болды. Сапар шеңберінде, Ғ.Нұрдәулетов СМР Мемлекеттік айыптаушы Любомир Йовески және СМР Әділет министрі Рената Дескоскамен кездесті.
2021 жылғы 8-11 қыркүйекте СМР Сыртқы істер министрі Буяр Османидің Қазақстанға ресми сапары өтті, оның шеңберінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберди және «Kazakh Invest «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесулері өтті.
2022 жылғы 1-2 қарашада ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердинің Солтүстік Македонияға ресми сапары өтті, оның шеңберінде СМР Президенті Стево Пендаровскимен, Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен және Сыртқы істер министрі Буяр Османимен кездесулері өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2022 жылғы 3 қарашада Скопье қаласында Қазақстан-Македон Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті, оған тең төрағалар – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен СМР Экономика министрі Крешник Бектеши қатысты.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы сауда айналымы 9,3 млн АҚШ долл. құрған. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ҚР СІМ Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы қарым-қатынастар (қаз.). Тексерілді, 15 қыркүйек 2023.