Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде
Қазақстан соғыстан кейінгі кезеңде (1946-1960)
Ұлы Отан соғысының зардаптары.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.
Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм құрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
Еңбек армиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Майдан төңірегіндегі аудандардан әкелінген немесе қашып шыққан жүздеген жұмысшылар Ембі кәсіпшіліктерінде, Кенді Алтай, Коңырат, Текелі кеніштерінде жұмыс істеді. «Жұмысшы колонналарының» еңбек жағдайы туралы Челябинск металлургия құрылыстың жұмысшысы кейін еңбек жағдайы өте нашар болғаны туралы айтты. Қазақстан мен Орта Азия еңбекшілерін еңбек колонналарына жинау көп ретте шығыс халықтарын тылдағы қара жұмысқа шақыру туралы 1916 жылғы патша жралығын еске түсіреді. Тылда шаруашылық құру ісінде әбден жаттыққан бауырлас республикалардың өзара кадр алмасуы орасан зор рөл атқарды. Сібір мен Оралдың металлургиялық зауыттарында 1944 жылы Қазақ қайта жөндеу зауытының болашақ 2000 металлургі тәжірибеден өтті.
Қазақстан - лагерьлер өлкесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті.
1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, С. Мұқанов «Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов «феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер»ретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады.
Тек кана 1956 жылы КОКП-ның XX съезінде сталиндік жеке баска табынушылық әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. - Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді. Олардың катарында М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтың әйелдері т. б. болды.
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді. Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде үздіксіз жүргізілді.
Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Соғыстан кейінгі қоғамда пісіп-жетілген езгерістердің қажеттігін түсіну әкімшілік жүйесінің бірқатар идеологиялык және қуғындау сипатындағы шаралармен шебер басылып тасталды. Алайда 40-жылдардың ортасы мен 50-жылдардың басында рухани жағдай түншықтырылғанымен, біржолата күйреген жоқ. Сталиннің өлімінен (1953 жылғы 5 наурыз) кейінгі алғашқы жылдардың өзінде қоғамда мүмкін болатын өзгерістердің сипаты жөніндегі мәселеге екі бағыт, екі көзқарас қалыптаса бастады. 1953- 1954 жылдары өзіне қоғамның көпшілік бөлігінің назарын аударған социалистік қоғамдағы карамақайшылықтардың сипаты, тарихтағы жеке адам мен халық бұқарасының рөлі, теория мен практиканың арақатынасы, басшылыктың үжымдылығы т. б. сияқты кекейкесті проблемалар женінде пікірталастар басталды. Жүріп өткен жолға сын көзбен қарау, қоғамды толқытқан сүрақтардың шешімін қарастыруда КОКП ОК-нің қыркүйек Пленумы (1953) жауап берді. Денсаулығының құрт нашарлауының нәтижесінде 1953 жылы І наурызда И. В. Сталиннің миына қан. құылды. Мәскеуде «көсемді» жерлеу кезінде көптеген адамдар халық нөпірінің астында қалып қаза тапты. Кейбір адамдар, әсіресе қуғын-сүргінге үшырағандар «көсем» әліміне қайғыра қойған жок. Қоғамдық өмірдің демократиялануы жолындағы маңызды кезең жазалаушы органдардың басшыларының бірі, КСРО Ішкі істер халқомы (министрі), КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, КОКП ОК Президиумының мүшесі Лаврентий Берияның қылмыстық қызметшің жолын кесу болды. 1953 жылы шілдеде КОКП ОК Пленумы Сталиннің жақын серіктерінің бірі, саяси арандатушы және қаскұнем ретінде ОК құрамынан және КОКП-ның қатарынан шығарды JI. П. Бериямен бірге негізінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болған оның көмекшілері тұтқындалып, соңынан атылды. И. В. Сталиннің өлімі және JI. П. Берияның биліктен тайдырылуымен КСРО-да өмір сүрген катаң тәртіптің қара түнек кезеңі аяқталды. Берия ісінен жасалған маңызды саяси қорытынды - жеке баска табынуға жол бермеу және оның зияндылығын ресми түрде мойындау болды. Тек осындай жағдайда ғана жоғарғы партиялык және мемлекеттік қызметтерге JI. Берия сияқты кездейсоқ адамдардың өтіп кетуі мүмкін болатын еді. Сол кезде айтылғандай марксизм-ленинизм рухына жат жеке басқа табынушылык идеологиясын іс-тәжірибеден түп тамырымен жою ОК Пленумынан кейін жарияланған «Кеңестер Одағы Коммунистік партиясына елу жыл» (1903- 1953) кұжатында маңызды міндет болып танылды. Одан әрі демократиялық қайта кұру үрдісі неғұрлым белсенді ете бастады. Алайда И. Сталинның өлімі ол кұрған әміршіл-әкімшіл жүйенің толық талқандалуын қамтамасыз етті дегенді білдірген жоқ. Мыңдаған сотталғандар бұрынғыша лагерьлерде қалып қойды, Сталиннің өзі сияқты адам қүкықтарының бұзылуына қатысы бар көптеген саяси қайраткерлер (В. Молотов, К. Ворошилов, JI. Каганович т. б.) жоғарғы мемлекеттік қызметтерді атқара берді. 1950 жылдың басында КСРО- дағы түрмелерде 5,5 млн-дай тұтқындар болды. И. Сталин қайтыс болғаннан кейін партиялық билікке талас басталды. JI. Берия, Г. Маленковтар жеңіліп, бар билік Н.С. Хрущевка көшті.
1950 жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалар.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қоғамдық ойдағы екі бағыттың куресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі - 1956 жылгы ақпандагы КОКП XX съезінің шешімдері болды. Демократияландыру идеясы съездің көптеген саяси нүсқауларымен анықталды. Идеология саласында жеке басқа табынушылық үлгісін талқандау, догматизм мен схоластиканы жеңуге алғашқы әрекеттер жасалды. Бүл ниеттердің орындалуы жолындағы неғұрлым байыпты қадам - XX съездің Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптауы болды. КОКП ОК-нің Бірінші хатшысы
Экономика | Қоғамдық өмір | Прогресшіл бастамалар |
|
|
|
Н. С. Хрущевтің баяндамасында жеке басқа табынушылықтың пайда болу себептеріне, оның мәні мен сипатына, зардаптарына баға беруге әрекет жасалды. Съезд көпшілік бұқараға өкімет билігін жүзеге асырып отырған жүйенің шынайы бейнесін ашып көрсетпеуге шешім қабылдады. Тек КОКПОК-нің «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» (маусым, 1956 жыл) қаулысы дайындалды. Онда жеке басқа табынушылыққа байланысты жіберілген қателіктер мен бұрмалаушылықтардың «кеңестік құрылыстың терең демократияшыл сипатын өзгерте алмағаны» атап көрсетілді. Тек 33 жыл өткен соң ғана «КОКП ОК-нің хабаршысы» («Известия ЦК КПСС») журналында (1989 ж., №3) Н. С. Хрущевтің съезде жасаған баяндамасының толық мәтіні жарияланды. Ал бұл мәтін көбейтіліп, XX съезд біткеннен кейінгі бірнеше аптадан соң-ақ шетелде жарық көрген еді. Түрмелерге ешбір кінәсіз қамалған бірқатар адамдарды (олардың ішінде партияның көрнекті қайраткерлері - Я. Рудзутак, А. Рыков, В. Чубарь т. б.) еркіндікке шығарып, оларды ақтаумен мемлекеттік аппарат көп ұзамай бұл реформаны доғарды. Мыңдаған адал адамдар түрмелерде қалып қойды, қуғын-сүргіннен қаза тапқан адамдардың қызметіне шынайы саяси баға берілмеді. Өткен тарихтың қайғылы беттері: Қазан төңкерісінің тарихы, Азамат соғысының себебі мен сипаты, 30-жылдардағы аштық пен шаруаларды қырып-жою жөнінде біржақты ғана еске алулар болды немесе бұлар жайлы еш нәрсе де айтылмады. Сталиннен кейінгі билік қадамдарының жартыкештік сипатта болғаны шешен, ингуш, қалмақ, балқарлар тарихи отандарына қайтарылып, Қазақстанда тұрған корейлер, немістер, қырым татарлары мен месхет түріктері құкықтарының қалпына келтірілмегенінен көрінді. 1954 жылы ішінде көптеген майдангерлер болған саяси тұтқындардың Кеңгірдегі көтерілісі қатал басып тасталынды. Жезқазғанға жақын жерде салынған бұл арнайы каторгалык лагерь түрмедегілер мен тұрақты әскери бөлімдерінің арасындағы шайқас алаңына айналды. Елдің экономикалық жағынан артта қалуы себептеріне талдау жасау әрекеттері де тез тыйылып отырылды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейту тұжырымдамасы да дамытылмады.
Республиканың 50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кеңес өкіметі мен КОКП ОК 1954-1956 жылдары шамадан тыс орталықтандыруды жоюмен одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған шаралардың тұтас кешенін жүргізгенімен, қабылданған актілер жарияланған егемендікті іс жүзінде жоққа тән етті. Экономика мен саясат саласындағы ортақ бағытты белгілеу, мамандарды тағайындау мен алмастыру т.б. көптеген мәселелерді шешу аз ғана топтың қолында қалып қойды. Қоғамның құрылымы бұрынғыша «жоғарыдан-төмендегілерге» қағидасы бойынша әрекет етіп, адамдар жоғарыдан қабылданған шешімдерді ғана орындады. Көп ұзамай, саяси басқаша ойлауда қатал басып, жаныштала бастады. Қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық көрсеткен адамдар қуғынға түсті. Алайда басқаша ойлаудың алдын алуды бұрынғы әдістермен жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сондықтан саяси айыптаулар неғұрлым «бүркемеленген» сипатта жүргізілді. Саяси қудалаудың мысалдары Қазақстанда да аз болған жоқ. Оған мысал - Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі, майдангер, жоғары білімді маман М.Елікбаевтың тағдыры. Ол Н.С.Хрущевтің атына хат жазып, онда адамның жеке басының құқықтарын бұзу, ұлттық саясат саласындағы бірқатар бұрмалаушылықтар, қазақ тілінде оқытатын мектептердің қысқартылуы т.б. өкімет орындары жүргізіп отырған саясаттағы оқылықтар жөнінде өз пікірлерін білдірді. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық партия комитетінің қуғындау шараларынан кейін оны КОКП қатарынан шығарды. Одан өрі бағынбаған мұғалімді психиатриялық ауруханаға жапты, ол аштық жариялаған кезде, түтікше арқылы күштеп тамақтандырды. КСРО Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің деректері бойынша психиқалық емдеу жолымен елде 90 мыңнан астам «басқаша ойлайтындар» жазаланды. 50-жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалардың ешқайсысының күткен нәтижелерге жеткізбеген себебі жөнінде заңды сұрақ туындайды. Негізгі себептердің бірі-саясатта ғылыми негізделген болжамның жоқтығы. Н.С.Хрущев бастаған көптеген басшылардың саяси мәдениеті өте төменгі деңгейде болды, бұған биліктің өзін өсірген жүйемен тығыз байланысының әсері де тиді. Оқылықтарды жою мен өмір сүріп отырған тәртіптерді сақтауға сталиндік режимнің шектен шыққан құбылыстарын ғана жойып, кеңес адамдарының күш-қуатын жақын қалған коммунизм шептерін бағындыруға жұмсау жөніндегі қиял да ықпал етті. Бұған Н.С.Хрущевтің социализмнің толық жеңісіне жетуін жариялап, «коммунистік қоғам құрылысын кең көлемде бастауды» ұсынған КОКП XXI съезінің (1959) шешімдері дәлел болады. Теориялық проблемаларға өрескел, жалған, тұрпайы көзқарас XXII съезде қабылданған КОКП-нің Үшінші бағдарламасынан да байқалады. Болъшевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында Мустафа Шоқай, Смагул Сәдуақасов т.б. айтқан еді. Өкінішке қарай Қазақстан Мәскеу шенеуніктері қабылдаған шешімдерден шыға алмады. Басталған саяси реформалар әкімшілдік жүйенің экономикалық базасын өзгерте алмады. 50-жылдардың басында дүние жүзі елдері бір-бірімен өте тығыз байланыста болды. Дүниежүзілік қауымдастық КСРО-мен, яғни оның құрамындағы Қазақстанмен де интеграциялық байланысқа түсті. Бұл кезде кеңес мемлекетінің сыртқы саясат саласындағы қызметі жаңа серпін алды. Халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі КСРО-ның халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту ісінде біраз бастамалар көтеруіне жағдай жасады. Қазақстанның индустриялық дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметтік-таптық құрылымында терең өзгерістер болуымен қатар жүрді. Республикада құрамы жағынан күрделі болған жұмысшылар, шаруалар, зиялылар үлкен әлеуметтік топтары қалыптасты. Мұндай әлеуметтік құрылым Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтар мен ұлттарға тән болды. 50-жылдардағы Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, ұйғырлар, татарлар өмір сүріп, еңбек етті. Көптеген еңбек ұжымдары құрамы жағынан көп ұлтты ұжымдарға айналды. Әр түрлі ұсақ ұлттарға қатысты жіберілген әділетсіздік соңына дейін жойылған жоқ. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың көтеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн-дай адам келді. Сонымен бірге бұл жылдары жұмысшы күшін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және транспорттағы (көліктегі) жұмыстарға тарту жөнінде кең көлемді жұмыс жалғастырылды. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына 0,5 млн адам қосылды. Одан кейінгі мерзімде бұл бағыт жалғаса берді. Мұның бәрі жергілікті халық пен басқа халықтардың саны үлес салмағының арасындағы алшақтыққа әкелді. 1962 жылы қазақтар республика халқының 29%-ын құрады, ал 1897 жылы қазақ ұлты елдің 85%-ы еді. Бұл ұлттық мәдениет пен оның ерекшеліктерінің деңгейіне, ана тілінің жағдайына кері әсер етті.
Кеңестік коғамның әлеуметтік проблемалары.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теміртаудағы толқулар. Сталиннің өлімінен кейінгі алғашқы жылдары үкіметтің ішкі саясатында адамдардың қажеттіліктеріне қарай бет бұру сарыны байқалды. Бұл Сталин қайтыс болғаннан кейінгі төртінші күні Мавзолей мінбесінен Г. М. Маленковтың сөйлеген сөзінен айқын көрінді, ол жұмысшылардың, колхозшылар мен зиялылардың материалдық хал-ахуалын үнемі жақсартып отыруға қол жеткізу - партия мен үкімет үшін заң болып есептелінетінін жариялады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1953 жылғы тамыздағы мәжілісі мен КОКП ОК- нің қыркүйектегі (1953) Пленумында қуатталып, одан әрі дамытылған бұл міндетті жүзеге асыру еңбекшілердің экономикалық мүдделерін барынша есепке алуға, шаруашылық жүргізудің қолайлы экономикалық, әдістерін қолдануға бағытталды. Бірақ болашағы зор жаңа саяси шешімдер жүзеге асырылмады. Әкімшілік жүйенің әрекет етуі жағдайында басқаша болуы мүмкін емес еді. Экономиканы экстенсивті сипатта дамыту бағыты республиканы шикі зат шылауы ретінде пайдалануға әкеп соқты. Республика аумағында жаңа өнеркәсіп алыптарын сала отырып орталық ведомстволар, одақтық министрліктер оның әлеуметтік базасының дамуы мен экологиялық тепе -теңдікті сақтауға көңіл бөлмеді. Әлеуметтік проблемаларға осындай селқос көзқарас өз ізін қалдырды. Үлкен наразылықтың бұрқ етуі 1959 жылы жазда болып өтті. Теміртауда салынып жатқан металлургиялық комбинат екпінді комсомол құрылысы деп жарияланып, 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Келесі жылы бұған тағы 70 мың адам қосылды. Жаңадан келгендерге арналып үйлер салынды, бірақ олар жетіспегендіктен жұмысшыларды палаткаларға орналастыруға тура келді. Ауа райына бейімделудегі қиындықтар, ауыз судың жетіспеупшілігі, нашар ұйымдастырылған тамақтандыру адамдардың заңды наразылығын туғызды. Жұмыссыз тұрып қалу да жиі қайталанды. Әлеуметтік жарылыс үшін қандай да бір сылтау керек болды. Теміртаудағы толқулардың басталуы үшін сылтау 1 тамыздағы жастар тобының коғамдық тамақтандыру нысандарына шабуыл жасауы болды. Алғашқы заңсыз әрекеттер біртіндеп тәртіпсіздіктерге ұласты. Өкінішке қарай жұмысшылардың наразылығын қылмыстық элементтер пайдаланып кетті. Толық дүкендерді, базарды, әмбебап дүкенді, асханаларды тонады, қалалық милиция бөлімін қоршады. Тәртіпсіздіктер үш күндей жалғасты. Шектен шығудық алдын алу үшін әскер әкелініп, қару қолданылды. Тәртіпсіздікке қатысқандардың ішінде қаза тапқандар, әскери қызметшілер мен милицияның арасында жараланғандар болды. Тәртіпсіздіктерге мұрындық болғандар сотталды. Алайда Новочеркасскіде, Теміртауда, тағы басқа да жерлерде болған оқиғалар республика мен ел басшылығының қоғамның одан әрі дамуына деген көзқарастарың қайта қарастыруға мәжбүр етпеді.
Халықаралық жағдайдың шиеленісуі.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1951 жылы 12 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі соғысты насихаттауды адамзатқа қарсы ең ауыр қылмыс деп жариялаған бейбітшілікті қорғау жөніндегі заң қабылдады. Ішінде 4 млн қазақстандық болған 118 млн кеңес азаматтары ұлы державалар арасында Бейбітшілік пактісі жөніндегі Үндеуге қол қойды. Кеңес қарулы күштерінің саны 1 млн 200 мың адамға қысқартылды. Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынастар қалпына келтірілді. КСРО герман мәселесін шешу жөнінде бірқатар бастамалар көтерді. 1959 жылы күзде екі ұлы держава - КСРО мен АҚШ үкіметтері басшыларының арасында келіссөздер болып өтті. Қазақстанның шет елдермен, әсіресе бейбітшілік сүйгіп саясат ұстанып отырған, отарлық бұғаудан азат Шығыс елдері - Үндістанмен, Индонезиямен, Бирмамен (казіргі Мьянма), Непалмен және ҚХР-мен байланыстары кеңейе түсті. Қазақстан мен Қытай арасында көршілік тату қатынастардың орнатылуы ҚХР-да тұратын ұйғырлар мен қазақ халқының ірі қауымдастығының, өмірінде қолайлы рөл атқарды. КСРО мен ҚХР арасында мәдени және сауда қатынастары кеңейді. Мыңдаған Қытай жастары КСРО-да, оның ішінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алды. КСРО-дан барған көптеген студенттер, аспиранттар Пекинде оқыды. Қазақстанда бұл кезеңде шетелдік мәдениет пен өнердің, кәсіп одақтардың көптеген делегациялары, Үндістанның премьер-министрі Дж.Неру мен президенті С. Радхакришнан, тағы басқа да мемлекет басшылары болып қайтты. Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық қуаты оның 50-жылдардың екінші жартысында шетелдік әріптестерімен сыртқы сауданы жандандыруына мүмкіндік берді. Түсті металлдар, металлургиялық құрал-жабдықтар, машина жасау мен химия өнеркәсібінің өнімдері Чехословакияға, Румынияға, Үндістанға т. б. елдерге шығарыла бастады. Өз кезегінде Қазақстан сырттан, әсіресе социалистік елдерден өнеркәсіп тауарларын көбірек ала бастады. Біртіндеп туристер мен делегациялар алмасу жолға қойылды. 1955 жылы Қазақстанда 185 делегация, ал 1957 жылы дүние жүзінің 23 елінен 500-дей делегация болып қайтты. Алайда КСРО-ның партиялық-саяси басшылығы сталиндік дәуірдің мұрасын соңына дейін жоя алмады. Мұндай сабақтастық сыртқы саясат қызметін демократияландыру жолында қиыншылықтарға әкеп сокты. Дүние жүзі бұрынғыша бірнеше топка бөлінді. Мұндай бөлінудегі басым бағыт - КСРО мен АҚШ-тың, олардың одақ-тастарының бір-біріне қарама-қарсы тұруы болды. Неғұрлым қуатты мемлекеттердің бір-біріне қарсы топтарға бөлінуі бірнеше әскери-саяси топтардың: Батыс Еуропалық одақ, СЕАТО, Бағдат пактісінің құрылуына әкеп соқты. 1955 жылы бірқатар социалистік мемлекеттер өздерінің әскери-саяси одағы - Варшава Шартын құрды. Мұндай саясат жаппай қаруланудан, өз елінің аумағында, одан тыс жерлерде ірі әскери базалар құрудан өз көрінісін тапты. Экономиканы жедел қарқынмен милитарландыру жүргізілді. Ол қоғамдық өмірдегі соғыс елесі алдындағы қорқыныш, шексіз көп әскери жиындар мен оқу-жаттығулар, орасан зор шығындармен қатар жүрді. Саяси қарама-қарсы тұрушылық ядролық соғыстың шығуы үшін жағдайлар жасады. Жағдай 1962 жылы жазда Кеңес Одағы Кубада АҚШ аумағына бағытталған зымыран қондырғыларын орнатуға шешім қабылдаған соң, бұрынғыдан әрі шиеленісе түсті. Кеңес жағы өз әрекетін сол кездегі өзінің одақтасы Фидель Кастро бастаған Кубаны қорғау мен оның қорғаныс қабілетін арттырумен түсіндірмек болды. Кеңес зымырандары аралға құпия жағдайда жеткізілді. Олардың орналасқан жерін анықтаған АҚШ бұның өз қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескеріп, теңіз блокадасын жариялады. Екі жақтан да жауынгерлік ұрандар көтерілді. КСРО мен АҚШ қарулы күштері шұғыл түрде толық жауынгерлік дайындық дәрежесіне келтірілді. 28 қазанда екі ел басшылары Н. С. Хрущев пен Джон Кеннедидің арасында келісімге келу шарттары жасалған соң ғана, бүкіл әлем еркін тыныстады. КСРО өз зымырандарын алып кетуге келіссе, американдықтар өздеріне Кубага баса-көктеп кіруден бас тартқан міндеттеме алды. Бұл - қуатты әрі күшті мемлекеттердің арасындағы соғыс қауіпін болғызбау жолындағы келісім жолдарын іздеудің жақсы үлгісі болды. Кариб дағдарысын ойдағыдай шешу 1963 жылы тамызда Мәскеуде атмосферада, ғарыш пен су астында ядролық сынақтар жүргізуге тыйым салу жөніндегі Шартты жасауға жеткізді. Ревизионизм, космополитизм, ұлы державалар, 1962 жылғы Кариб дағдарысы, отарлық саясат, Варшава Шарты Ұйымы. 1962 жылғы Кариб дағдарысы - Кубаға қарсы АҚШ-тың агрессия шыл әрекеттеріне байланысты халықаралық жағдайдың күрт шиеленісуі. АҚШ тарапынан күшейіп отырған интервенция қаупіне алаңдаған Куба үкіметі КСРО-ға көмек беруін өтініп, онымен Кубада зымыран қаруын орналастыру женінде келісім жасады. КСРО мен АҚШ мемлекеттері басшыларының тікелей сұхбаттарының нәтижесінде Кариб дағдарысы мен Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі жойылды. КСРО Кубадан зымырандарын алып кетті, ал АҚШ аралды блокадаға алуды жойып, Кубаға шабуыл жасамауға міндеттеме алды. Отарлық саясат - экономикалық жағынан нашар дамыған, басқа халықтардың өкілдері басым тұратын елдер мен аумақтарды әскери, саяси және экономикалық жағынан мәжбүрлеудің көмегімен қанаушылық және құлдану саясаты. Варшава Шарты Үйымы - 1955 жылы Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО мен Чехословакияның қатысуымен социалистік мемлекеттерді қорғау, Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған ұйым. 1968 жылы Албания ұйым мүшелігінен шықты. Варшава Шартының құрылуы - империалистік державалардың әскери-саяси блогі - НАТО-ның құрылуына жауап шара болып есептеледі. 1991 жылы 1 шілдеде Варшава Шарты Ұйымы таратылды.
Дәуір құжаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]КОКП Орталық Комитетінің жеке адамға табынушылықты және оның зардаптарын жою туралы қаулысы (1956 жыл 30 маусым, үзінді)КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ак жақсы нәтижелерін берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия үйымдарын мынаған шақырады: тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық және рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы, қоғамды кайта құру жолындағы революциялық күресте маркстік партияның шешуші рөлі туралы марксизм-ленинизм ілімінің аса маңызды кағидалары біздің бүкіл жұмысымызда дәйектілікпен сақталсын; партиялық басшыльщтьщ лениндік принциптерін, ең алдымен жоғары принципті басшылықтың ұжымшылдығын барлық партия ұйымдарында, жоғарыдан төменге дейін, мейлінше катаң сақтау жөнінде, партиямыздың жарғысында баянды етілген партия тұрмысының нормаларын сақтау жөнінде, сын мен өзара сынды әрістету жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық Комитеті жүргізіп отырған жүмыс онан әрі кажырлылықпен жүргізілсін; Кеңес Одағының Конституциясында жазылған кеңестік социалистік демократизмнің принциптері толығымен калпына келтірілсін, революцияның социалистік зандылықты бұзушылықтық бәрі ақырына дейін түзетілсін; алтыншы бесжылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске біздің кадрларымыз, барлық коммунистер және қалын еңбекшілер бұкарасы жұмылдырылсын, бұл үшін тарихтың шын мәнісіндегі жасаушысы - бұқараның творчестволық инициативасы мен жігері барынша әрістетілсін. КОКП съездерінің, конференцияларының қарарларымен шешімдері.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тарих бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |