Мазмұнға өту

Эркюль Савиньен Сирано де Бержерак

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Эркюль Савиньен Сирано де Бержерак (фр. Hercule Savinien Cyrano de Bergerac, 6 наурыз 1619 жыл, Париж – 28 шілде 1655 жыл, Саннуа) – француз драматургі, философ, ақын және жазушы, ғылыми фантастиканың негізін салушы, гвардияшы. [1] Э. Ростанның «Сирано де Бержерак» пьесасы кейіпкерінің прототипі. Оның «Агриппинаның өлімі» (La Mort d’Agrippine, 1653) атты трагедиясын атеистік бағытта жазылған деген сынмен айыпталған. Сатиралық шығармалар да жазған: «Мазаринад» (Masarinades, 1649), «La Lettre contre Les Frondeurs», 1651), «Сатиралық хаттар» (Lettres satyriques, 1654). «Бөтен түс» атты философиялық шығарма жазады, онда Айдағы өмір туралы айтылады. Л. Галленің "Капитан Сатана немесе Сирано де Бержерактың басынан өткендері" атты кітабының басты кейіпкері.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B8%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%BE_%D0%B4%D0%B5_%D0%91%D0%B5%D1%80%D0%B6%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BA