Эринст Хейнкель
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Эринст Хейнкель | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Грунбах |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Штутгард |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы |
ұшақ құрастырушы |
Эринст Хейнкель - неміс авиаконструкторы.
Қызмет жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1911 ж. Штутгарттағы жоғарғы техникалық мектепті бітірген. 1913-1922 ж. ұшақ жасайтын бірқатар фирманың бас конструкторы болды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Эринст ұшақтың 30-дан астам түрін құрастырды. Бұл ұшақтарды Германия мен Австрия армиясы пайдаланды. 1922 ж. Варнемюнде ұшақ жасайтын фирма ұйымдастырды. Бұл фирма 1945 жылға дейін жұмыс істеп, 100 ден астам ұшақ түрін жасап шығарды. 1939 ж. алғашқы тәжірбиелік реактивті Не-176 және Не-178 ұшақтарын сынақтан өткізді. Эринсттің қос моторлы Не-111 бомбалаушы ұшағы 2-дүние жүзілік соғыста кеңінен пайдаланды. Эринст 1950 жылдан Штутгарттағы ұшақ жасайтын фирманы басқарды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 11 том