Шөмішгүл
Columbines | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
flower and fruit of Aquilegia vulgaris (type species)
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Species | ||||||||||||||||
60-70, see text |
Шөмішгүл (Aquіlegіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда таудың тастақты беткейлерінде, бұлақ жағаларында, қылқан жапырақты аралас ормандардың шетіндегі көлеңкелі жерлерде өсетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 – 90 см. Тамырсабақтары қысқа, сабағы тік өседі, оның сыртын безді түктер жауып тұрады. Екі еселеніп салаланған, үш құлақты жапырақтары сабақ ұшына қарай жоғарылаған сайын кішірейе береді. Гүлдері ірі (диам. 3 – 10 см), тостағанша жапырақшаларының саны 5, күлтесі де бесеу, олардың әрбіреуінің ұшы сүйірленіп, түтік тәрізді жіңішкеріп тепкіге (шпорец) айналған. Түстері – күлгін, ақ, көгілдір, күрең-қызыл, көк, сары, т.б. Аталығы көп, аналығының саны 3 – 15, мойны ұзын. Аралар, көбелектер, құстар тозаңдандырады (іштерінде өздігінен тозаңданатын түрлері де бар). Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жапырақша жеміс (ұзындығы 2,5 см-дей). Шөмішгүлдің гүлдері өте әдемі, сондықтан олар гүлзарларда сәндік үшін өсіріледі. Виталий Шөмішгүлі (А. vіtalіі) және қаратау Шөмішгүлі (А. karatavіca) – өте сирек кездесетін өсімдіктер, олардың жылдан жылға таралу аймағы азаюда, сондықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том