Мазмұнға өту

Шоңайнақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шоңайнақ
Еркек
Еркек
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Fringillidae
Тегі: Carduelis
Түрі: C. cannabina
Екі-есімді атауы
Carduelis cannabina
(Linnaeus, 1758)

Шоңайнақ (лат. Carduelis cannabina синонимы лат. Acanthic cannabina) — құнақ тұқымдасына жататын сайрағыш құс. Алдында Acanthis туысына қосылған. Қазақстанда Тянь-Шань, Сауыр, Алтай тауларында, Жайық өзенінің жағалауларында, республиканың солтүстік шекаралық жерлерінде кездеседі. Дене тұрқы 13,5 см-дей, салмағы 19 – 22 г.

Аталығының маңдайы, төсі – шымқай қызыл, жабыны – қоңырқай түсті, бауыры мен қапталы – ақ. Аналығында қызыл түс болмайды. Жыл құсы. Наурызда ұшып келіп, қалың бұталар арасына, ағаш бұтақтарына ұя салады. Ондағы 4 – 5 жұмыртқаны, тек аналығы 13 – 14 күндей басып, балапан шығарады. Балапандарын аталығы мен аналығы бірлесіп қоректендіреді, олар 13 – 15 күндей ұяда болады. Жылына 2 рет балапан өргізеді. Өсімдіктердің тұқымымен қоректенеді. Қазан айында қыстау үшін Еуропаның оңтүстігіне, Кіші Азия түбегіне ұшып кетеді. Шоңайнақ қолға тез үйренеді, оның әдемі үні үшін үйде жиі ұсталады.[1]

Шоңайнақ
Carduelis cannabina cannabina

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том