Шаубалшықшы
Шаубалшықшы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Lymnocryptes minimus (Brunnich, 1764) |
Шаубалшықшы (лат. Limnocryptes minimus) - Тауқұдірет тұқымдастарына жататын аяғы қысқа кішкене денелі (30-40 г) балшықшы. Жонының жабын қауырсындары - бойлай созылған қызылсары жолақтары бар қошқыл қоңыр, жемсауы және төсі - ақ түсті алабажақ қызылсары реңді. Тұмсығы - ұзын, соңғы үштен бір бөлігі сезімтал. Түнде және іңір қараңғылығында өмір сүреді. Қорғаныш реңі болғандықтан, күндіз аяқ астынан ұшуды ұнатады. Бұл түрдің құсойнағы назар аударады. Құсойнақ шарқтаған биіктікте, әуеде өтеді және тығыз топырақта "топ-топ-топ" деп дүбірлеткеніндей оғаш дыбыс шығарады да оны бірнеше рет қайталайды. Шаубалшықшылар шөптері аз ашық лайлы мибатпақтарға ұялайды. Салындыда 3-4 жұмыртқа болады. Қазақстанда көктемде - наурыз-сәуірде, күзде - қыркүйек-қазанда болады[2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Lymnocryptes minimus. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра