Хориоидеа
Көрініс
Хориоидеа немесе меншiктi тамырлы қабық — көздегі тамырлы қабықтың негізгі бөлігі; кірпікті дене мен нұрлы қабықты бөліп тұрады.
Хориоидеа торлы қабықтың қоректенуiн қамтамасыз етедi, бояутек жасушалары көп борпылдақ талшықты дәнекер ұлпадан тұрады.[1]
Құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хориоидеа келесі қабаттардан тұрады:
- Тамырүстілік пластинка (lamina suprachorioidea) — сыртқы қабаты.
- Тамырлы пластинка (lamina vasculosa) — қантамырлар шоғырланған қабат.
- Тапетум (лат. tapetum lucidum — жарқырауық кілемше) — бұл қабат адамда және кейбір жануарларда кездеспейді. Ымырт кезінде белсенді аңдар үшін маңызды. Мысалы, қараңғыда мысықтың көзіне түскен жарықтың шағылып көрінуі осы тапетумге байланысты.
- Тамырлы-капиллярлы пластинка (lamina choroidocapillaris) — нұрлы қабықты қоректендіретін капиллярлық желіні қамтитын қабат.
- Брух мембранасы — нұрлы қабыққа тікелей жанасатын негіздік жарғақ.
Ауруы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Осы мүшенің қабынуы хориоидит, кейде хориоретинит деп аталады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Көру ағзасы(қолжетпейтін сілтеме)
|