Хондробласт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хондробласт (chondroblastus, грек, chondros — шемір-шек, blastos — өскін, бастама) — жас шеміршек жасушасы. Ол діңгекті жасушадан түзілген, пішіні сопақша келген жасуша. Хондробласт шеміршек ұлпасын сыр-тынан каптаған шеміршекқаптың (перихондрийдің) төменгі қабатында орналасады. Оның цитоплазмасы РНҚ-ға бай, базафилді боялады. Ол шеміршек ұлпасының жасушааралық затын түзуге қатысып, шеміршектің қалындап өсуін қамтамасыз етеді. Жетілген шеміршек ұлпасында хондробласттар шеміршек жасушалары — хондроциттерге айналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9