Хейлит
Хейлит. Еріп қызыл жиегінің шырышты қабығы мен терісінің кабынуы.
Еріннің желініп қауіпті қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүл кезде қай кернеп ісінген төменгі еріңде дөңеслек немесе сопақтау келген жолақ пайда болады. Жолақ астында қабынудан инфильтрат пайда болады. Жиі қайталаныи түратын созылмалы ауру.
Еріннің актиндік қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күнге күюден болатын ерін жиегінің өзгеруі. Құрғақ және экссудативті түрі бар. Экссудативті түрінде ерінді қан кернеп ісінгені байқалса, құрғақ түрінде ерін жиегінде бозылттау келген қабыршақтар пайда болады. Бірте-бірте ерін қатты құрғап бүдырланып, жара болады.
Езудің инфекциядан қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Стрепто-стафилококк, грибок инфекциясы, рибофлавин витаминінің жетіспеуі, ауыздағы инфекции оіпақтары, тістесу ауытқулары осы аурудың пайда болуына бірден-бір себеп болады. Езуде, тілде жалақ пайда болып оған инфекция қосылады. Бұл ерін терісіне, иек астына, азу тұсына дейін жайылып ауыртады.
Еріннің апостематозды қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерінді қан кернеп ісінеді, шырышты қабық үстінде ұсақ сілекей бездері қалыптан тыс үлғайып іріңдейді.
Еріннің арибофлавинозды қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Организмге В2 витаминінің жетіспеуінен болады. Езу ерін шырышты қабығы мен қызыл жиегі бозарып жалақ болып түлейді. Еріндегі тіке тілінген жер тереңдеген сайын ауыз ашқанда ауырады.
Еріннің грибокты қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүл ауыз шырышты қабығы зақымданғанда кездеседі. Көбінесе жасы келген адамдардың езуінде байқалады. Тері беті қызарып, домбығып, ерін жарылып ашып ауырады.
Ерін бетіндегі бездің іріңдеп қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үсақ сілекей бездері шоғырланып қабынады, іріңді бактерия әсерінен жара пайда болып, ауру көп жағдайда созылмалы сипат алады.
Еріннің түлеп қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалқан безі қызметінің бүзылуы аурудың пайда болуына тікелей әсер етеді. Ерінді түгелдей жүқа қабыршақ басады. Шымшуырмен жайлап алғанда тегіс немесе түйіршектенген қабаты көрінеді. Бөртпе еріннің сырт жағынан аспайды.
Еріннің қышып қабынуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Табиғаты аллергия ауруына жақын. Еріп помадасы, протездер, түрлі дәрі-дәрмектер аллерген бола алады. Ерінді қан кернеп қызарып ісінеді, ерін бет кеуіп қабыршықтанып, жалақ пайда болады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — медицина бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |