Халикотерий
Халикотерий Қазбалық ауқымы: Late Oligocene–Early Pliocene | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Species | ||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||
|
Халикотерий (Chalіcotherіum) — тақтұяқтылар отрядына жататын, жойылып кеткен жануар. Халикотерий-лер Солт. Америкаға Қарағанда Шығыс жарты шарда көбірек тараған. Эоценнің соңынан плейстоценнің басына дейін (шамамен 1 — 40 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен. Ең жақсы дамыған кезеңі — миоцен. Олигоценде Еуропа мен Азияда схизотерий (Schіzotherіum) деген түрі тіршілік еткен. Халикотерий-лердің эвол. даму барысында денесі ұлғайған, бас сүйегі көп өзгермегенімен, мойны және аяқтары (әсіресе алдыңғы аяқтары) едәуір ұзарған. Алдыңғы аяқ саусақтарының төрттен үштейі қысқарып, тұяқтары (тырнақтары) ілмекке айналған. Ал жүргенде дене салмағы артқы аяқтарына түсетін болғандықтан, олар жуан болған. Халикотерий-лер артқы аяқтарымен тік тұрып, алдыңғы аяқтарын ағашқа тіреген, мойындарын созып, ұзын тілімен жапырақтарды жұлып жеген. Халикотерий-лердің тістері өткір, әрі мықты болған. Миоценде тіршілік еткен бориссиакия (Borіssіakіa) деген түрі Қазақстанда Асқазансор қазба фаунасы орнынан табылып, зерттелді. Ал схизотерий олигоцен дәуірінің шөгінділерінен табылған.
Сілтемелер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |