Мазмұнға өту

Франческо Криспи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Криспи Франческо

Криспи (Crispi) Франческо (04. 10. 1818, Рибера, Сицилия,- 11. 08. 1901, Неаполь) - итальян саяси және мемлекеттік қайраткері, адвокат, 1880 жылдардан либералдық бурж. басшыларының бipi. 1848 жылы Сипилия аралындағы революцияға, 1860 жылы Гарибальди жорығына қатысты. 1877-1878 және 1887 жылдары Италияның ішкі істер министрі, 1887-1891, 1893-1896 жылдары премьерминистр. Криспи еңбекшілердің бұқаралық қозғалыстарын аяусыз жаншьп отырды. Италияның Үштiк одақпен (1882) байланысын нығайтты, Африка жерiн отарлауды бастаушылардың бiрi болды. Отарлық арандатушылық күйреп, елде демокр. қозғалыс күшейгеннен кейін Криспи отставкаға шығуға мәжбүр болды. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6