Мазмұнға өту

Франция әдебиеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Франция әдебиеті - Франция аумағында бір-бірімен тығыз байланысты болған бірнеше әдебиет жиынтығы.

Неғұрлым ертеректе қалыптасқаны - жырлары мен аңыздары сақталмаған кельттер әдебиеті, оның бір тармағы бретон әдебиеті болды. 10 ғ-дан бастап елдің оңтүстігінде провансаль әдебиеті дами бастады. Каталон әдебиеті Руссилиондағы аймақтық шеңберден аса алмады. 18-ғасырға дейін латын тіліндегі әдебиет басым боды. Ортағасырлық ауыз әдебиеті кейініректе немесе жазып алынған күйінде сақталған жырлардан, аңыздар мен ертегілерден басталады. Француз тіліндегі алғашқы жазба әдебиеті - діни тақырыпқа арналған шығармалар 9-ғасырдың 2 жартысында жатады. 10-11 ғасырларда әскери жасақтардың арасында латындық дәстүрлермен де, ауыз әдебиетімен де таныс - жонгрлерлер шығарған алғашқы эпикалық поэмалар - жесталар пайда болды. Олар 8 - 10 ғасырлардағы тарихи орындарға арналды. 13 ғасырдағы сарай маңы серіктеріне арналған. 14 - 15 ғасырларда ақындар куртуаздық лирика әдістерін дамыта отырып, бұрынғы поэтик тақырыптарды жетілдірді. 14 - 15 ғасырлардағы серілік романдар ұлттық мәселелер мен фольклорлық әуендерге толы болды. 15 ғасырдың соңында Франция Қайта өрлеу дәуіріне өтті. Италиямен қарым қатынас күшейіп, кітап басу ісі дами бастады. Қайта өрлеу әдебиетінің неғұрлым жақын өкілі - Франсуа Рабле болды. 16 ғасырдың ортасында Франция ақындары поэзияның адамгершілік мазмұнын тереңдетіп, оны жаңа формалармен байытты. Ұлттық тілдің қалыптасуына жағдай жасады. 17 ғасырдың бас кезінде француз әдебиетінде реалистік классицизм, барокқорлық бағыттар пайда болды. Классцизм комедиясының негізін салушы әрі аса көрнекті өкілі - Ж. Б. П. Мольер болды. 17 ғасырдың соңында таман француз мәдениетінде ағартушылық тенденциялар күшейді. Рококо әдебиеті пайда болды. 18 ғасырдың 1 жартысында комедия мен роман жанры дамыды. Комедия Мольер дәстүрін жалғастырса Лесаж шығармаларында әлеуметтік өткірлік пен тұрмыстық реализм күшейді.[1]

= Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, Алматы 2007, 235 бет