Франсиско Франко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Франсиско Франко
ис. Francisco Franco
Франсиско Франко
Лауазымы
Испания каудильосы
1 қазан 193620 қараша 1975
Ізашары Лауазымы ұйымдастырылған
Ізбасары Лауазым ыдыратылған
Испания үкімет төрағасы
31 января 1938 — 8 июня 1973
Ізашары Хуан Негрин
Ізбасары Луис Карреро Бланко
Өмірбаяны
Партиясы Испания фалангасы
Азаматтығы Испания
Діні Католицизм
Дүниеге келуі 4 желтоқсан 1892
Ферроль, Галисия
Қайтыс болуы 20 қараша 1975 (82 жаста)
Мадрид
Жерленді Мингоруббио бейіті
Туған кездегі есімі ис. Francisco Paulino Hermenegildo Teódulo Franco Bahamonde
Әкесі Николас Франко-и-Сальгадо-Араухо (1855—1942)
Анасы Мария дель Пилар Баамонде-и-Пардо де Андраде (1865—1934)
Жұбайы Кармен Поло (1900—1988)
Балалары Кармен Франкр
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары 1907—1975
Құрамында болды Испания
Әскер түрі Испания қарулы күштері
Атағы Генералиссимус
Шайқасы Испан азамат соғысы

Франсиско Франко Баамонде (ис. Francisco Franco Bahamonde; 4 желтоқсан 1892(18921204), Эль-Ферроль20 қараша 1975, Мадрид) — Испанияның диктаторы, генералиссимус.

1892 ж. Галисиядағы Ферроле қаласында өмірге келді. Жаяу әскер академиясын бітірген. Испанияның Африканы отарлау соғысына қатысып, Мароккодағы жеңістерінің арқасында 33 жасында генерал дәрежесін алды (1925). Франко — Испания тарихындағы ең жас генерал. 1927 — 1931 ж. қалпына келтірілгенде Сарагоса қасындағы әскери академияның бастығы болды. 1936 — 1939 ж. Испаниядағы азамат соғысы кезінде әскери фашистік бүлікті басқарды. Германия мен Италияның көмегіне сүйеніп республикашыларға қарсы күресті. 1939 ж. Испаниядағы республика құлағаннан кейін елде авторитарлық диктатура орнатты. Әскери хунта оны Испанияның өмірлік басшысы (каудильо) етіп жариялады. Ол Испания министрлер кеңесінің төрағасы (1973 жылға дейін), сондай-ақ әскери қарулы күштердің бас қолбасшысы болды. Елдегі саяси партияларға тыйым салынды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Франко Германия мен Италияға көмектесіп, соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. 1947 ж. Испанияда корольдік басқару қайта орнайды деп жариялағанымен өзі өлгенше басқару өзгермеді. Франко 1969 ж. 22 шілдеде Хуан Карлос Бурбонды (1902 — 31 ж. Испанияны билеген король Альфонс ХҚҚҚ-нің немересі) өзінің мұрагері және Испанияның болашақ королі етіп жариялады.

Ол әрқашан Рим папасының қолдауына сүйенді. Франко диктатурасы испан халқына аса ауыр тиді. Испания экономикалық және өндірістік дамудан Еуропада артта қалды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]