Уәли Мұхатов
Мұхатов Уәли, Уәлимұхамед (5. 5. 1916 ж. т., Түрікм. КСР-і, Багир аулы) – КСРО халық артисі (1965). 1951 ж. Москва консерваториясын (С. Н. Василенконың класы бойынша) бітірді. Мұхатов– Түрікм. КСР-і гимнінің (1946), көптеген симфониялық шығармалардың («Түркімен сюиталары», 1950, «Менің Отаным», 1951) кантаталардың, А. Г. Шапошникпен бірлесіп жазған «Ақын мен сот» (1947), «Зұһра мен Таһир» (1953) операларының, «Ақ мамық» (1945) балетінің (А. Ф. Зноско-Боровскиймен бірге), ән-романстардың, аспаптық, камералық т. б. шығармалардың авторы. М. творчествосының биік белесі – «Қанды су айырық» операсы (1967). 4–5 сайл. КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. КСРО Мемл. сыйлығының лауреаты (1951, 1952). Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.[1]
- ↑ Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев