Мазмұнға өту

Улы қырықбуын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Улы қырықбуын
Photosynthetic summer foliage
Photosynthetic summer foliage
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Эукариоттар
Табы: Қырыққұлақтәрізділер
Сабы: Equisetales
Тұқымдасы: Қырықбуын тұқымдасы
Тегі: Қырықбуын
Түрі: E. arvense
Екі-есімді атауы
Equisetum arvense
L.
Синонимдері
  • Allosites arvense Brogn.
  • Equisetum arvense fo. arcticum (Rupr.) M. Broun
  • Equisetum arvense fo. boreale (Bong.) Klinge
  • Equisetum arvense fo. campestre (Schultz) Klinge
  • Equisetum arvense fo. ramulosum (Rupr.) Klinge ex Scoggan
  • Equisetum arvense subsp. boreale (Bong.) Á. Löve
  • Equisetum arvense subsp. ramulosum (Rupr.) W.F. Rapp
  • Equisetum arvense var. arcticum Rupr.
  • Equisetum arvense var. campestre (Schultz) Rupr.
  • Equisetum arvense var. ramulosum Rupr.
  • Equisetum boreale Bong.
  • Equisetum calderi B. Boivin
  • Equisetum campestre Schultz
  • Equisetum saxicola Suksd.

Улы қырықбуын немесе Дала қырықбуыны (лат. Equisetum arvense) — қырықбуын тұқымдасына жататын Қырықбуын тұқымдас тармағының көпжылдық шөптес өсімдігі. Жоғары сатылы споралы өсімдіктер бөліміне жатады. Қырықбуынды тәрізді және буынсабақтылар жер бетіндегі өсімдіктер патшалығының ертедегі өкілдері. Бізге дейінгі 400 млн. жылдар шамасында пайда болған- карбон дәуірі. Мезеозой эраcының басында , 200 млн. жылға жуық бұрын, қырықбуын тірізділердің көпшілігі жеке кейбір түрлердің ежелгі пішіндері жойылып кеткен. Бүгінге дейін тек бір ғана туыс өкілдері сақталып қалды .

Дала қырықбуыны Қазақстанда кездесетін 7 түрдің ішіндегі ең кең тарағаны. Ол сазды шыбындықтарды, өзен жағасында, саз балшық жағалауларда, Республиканың барлық облыстарында өседі, солтүстік жазықтар мен оңтүстік тауларда, тау етектеріндегі тастақты – құмдауыт беткейлерінде жиі кездеседі.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл бұтақтанған тамырлары топыраққа тереңдей енген көп жылдық өсімдік. Тамыры көптеген түйнектерді алып шығып, екі түрлі жер үсті өскінін жетілдіреді. Біріншісі ерте көктемде пайда болады және биіктігі 25 см-ге дейін ашық-қошқыл түсті , бұтақтанбаған сабағымен , ұшында цилиндр тәрізді споралы машағымен ерекшеленеді. Ол астыңғы жағында споралы қалталар орналасқан бұрыштанған қылқан тәрізді жапырақшалардан тұрады. Жеміс бермейтін жазғы өскіндері , тек жеміс беретіндері қурап қалған соң жетіледі. Олар бұтақтанған , биіктігі 50 см. жасыл , қатты , қабырғалы , жіңішке сабақтарға бұтақтар сақиналы шоқталған. Жапырағы жеміс беретін өскіндердікіндей құрғақ, үшкірлінген , сабақты айнала өскен сақинасымен .

Дала қырық буыны шөбінің құрамында сапониндер және алколоидтар бар.

Дала қырықбуынының жасыл асыл өскіндері кеңінен танымал ертеден белгілі бүйрек, жүрек қантамырлары ауруларына , ревматизм, қан диабетін емдеуге қолданылды. Жер асты түйнектері және тәттілеу споралары өскіндер азық ретінде пайдаланылды. Бұрында химиялық бояғыш заттар пайда болғанға дейін споралы өскіндері жүнді - сұрғылт - сары түске бояу үшін қолданылған.

Онымен құлындардың уланатыны байқалып жүр. Дала қырық буыны араласқан пішен жеген құландар мен тайлар уланып қалады. Басқа мал түліктер және сақа жылқылары уланбайды.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанныңдәрілікөсімдіктері. ІскендіровӘбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
  2. Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану. - Алматы: Қайнар, 1988. - 248б.
  3. Өсімдіктер кітабы, Атамұра 2011ж.