Тұқытістітәрізділер
Тұқытістітәрізділер Қазбалық ауқымы: Oligocene–recent | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Кіші отрядлары | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Microcyprini Regan, 1909 |
Тұқытістітәрізділер (Cyprіnodontіformes) – сүйекті балықтардың бір отряды. Қазба қалдықтары олигоценнен белгілі. Тропиктік және субтропиктік белдеулердің тұщы, тұзды суларында тіршілік ететін 9 тұқымдасы, 400-ден артық түрі бар (тек Австралияда кездеспейді). Кейбір соқыркөзділер тұқымдасының өкілдері – Солтүстік Американың карсты үңгірлерін, ал Cyprіnodon macularіs деген түрі ыстық су көздерін (су темп-расы 50С-қа шейін) мекендейді. Сыртқы тұрқы тұқытәрізділерге ұқсас. Дене мөлш. 2 – 30 см. Желбезек пердесі 4 – 8 сәулелі. Жабықторсылдақтылар. Жүзбеқанаттарында тікенекті сәулелер болмайды. Арқа жүзбе қанаты – біреу. Жақтарында тістері болады. Су омыртқасыздарымен қоректенеді. Тұқытістітәрізділердің көпшілік түрі – аквариумдік балықтар. Қазақстанда медака мен гамбузия Сырдария, Шу, Балқаш су алаптарында жерсіндірілген. Тұқытістітәрізділердің 35 түрі сирек кездеседі, сондықтан Халықараралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |