Тікен құйрықты игуана
Тікен құйрықты игуана | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Тікен құйрықты игуана (лат. Ctenosaura) – бауырымен жорғалаушылар класы, қабыршақтылар отряды игуана тұқымдасына жатады. Ол Мексика мен Орталық Американы мекендейді. Тікен құйрықты игуана адамдарға мінез көрсетіп, асырауға көнбейді. Тікен құйрықты игуана - игуаналардың ішіндегі ең ірісі және дүниежүзіндегі кесірткелердің ең жылдам жүгіретіні. Құйрығы қылтанақты қабыршақтардан тұрады. Аты соған байланысты қойылған. Аталықтарының ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді. Аналықтары - олардан сәл қысқа - 1,3 метр.
Игуаналар - ұзақ эволюциялық өзгерістерден өткен ежелгі тұқымдастар. Олардың динозаврларға ұқсайтыны да сондықтан. Ұрғашысы ұя қазып, 8-10 аптада 30 жұмыртқа салады. 90 күннен кейін жұмыртқадан кішкентай кесірткелер шығады. Ол көбіне гүл, жапырақ, жеміс, кейде өзінен кішірек аңдарды да жейді. Тікен құйрықты игуана "Гиннесстің рекордтар кітабында" тіркелген. Ол сағатына 35 шақырым жер жүгіре алады[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1. Аруна баспасы. "1100 қызықты деректер". Жануарлар.