Трансляция (биология)
Трансляция — полипептид тізбегінің гендегі аРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі. Трансляция болашақ белокқа тән аРНҚ-на жазылған нуклеотидтер кезегін түзілетін белоктардың амин қьішқылдарының кезегіне айналдырады. Бұл жұмысқа аРНҚ-нан басқа рибосомалар, тРНҚ, аминоацил синтетазалар, белоктан тұратын инициация, элонгация және терминация факторлары қосылған күрделі құрамдар қатынасады.[1]
Трансляция (көшіріп аудару) басталған уакытта а-РНҚ мен т-РНҚ-лар синтездін басталар алдында рибосоманың кіші бөлігіне бекітіледі, одан кейін бұл жиынтық рибосоманың үлкен бөлігімен байланысады. Бұл байланыс берік болады да, ақуыз синтезі аяқталғаннан кейін ол ыдырап кетеді. Полипептид тізбегінің синтезделуі кезінде рибосомаа-РНҚ молекуласының бойымен козғалады. а-РНҚ-ның бір молекуласын бірнеше рибосома қатар тұрып синтездеп, полирибосома (полисома) жиынтығын құрайды. Жасушадағы полирибосоманың саны ақуыз синтезінің жиілігін көрсетеді.
Көптеген эукариот жасушаларында рибосоманың үлкен бөлігінің ақуызы эндоплазмалық тордың өзекшелері мен шұрықтарына жиналады да, одан кейін түрлі бөлшектері мен органоидтарына жеткізіледі. Эукариоттарда рибосомалар ядрошықта құрастырылады. Ядрошықтағы ДНҚ-да р-РНҚ синтезделедіде қажетті мөлшерге дейін бөлініп, рибосоманың кіші және үлкен бөлімдеріне айналғаннан кейін, цитоплазмаға шығады. Ядрода толық қалыптасқан рибосома болмайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |