Торта балық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Торта (қаракөз) (Rutіlus rutіlus) – тұқытәрізділерге жататын жартылай өткінші балықтар.

Торта Еуропада, Батыс және Солтүстік Азияда таралған. Қазақстанның су айдындарында кең тараған, негізінен тұщы суларда болады. 5 түр тармағы (кәдімгі, Сібір, Арал, Каспий және Шалқар торталары) бар. Соңғы деректер бойынша Каспий тортасы (R. caspіcus) жеке түр ретінде қарастырылады.

Тортаның ұзындығы 50 см, салмағы 1500 г. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (2,5 – 147 мыңдай) сәуір – мамыр айларында шашады. Тұщы суда тіршілік ететіндері планктон және бентоспен, ал өткінші түрлері негізінен қосжақтаулы моллюскалармен және шаянтәрізділермен қоректенеді.

Торта кәсіптік маңызы бар балық, әуесқойлық жолмен де ауланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9