Мазмұнға өту

Тим Кук

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тим Кук
Tim Cook
Туған күні

1 қараша 1960 (1960-11-01) (64 жас)

Туған жері

АҚШ, Алабама, Робертсдейл

Азаматтығы

 АҚШ

Білімі

Оберн университеті, Фукуа Бизнес Мектебі

Ти́моти «Тим» Д. Кук (ағылш. Timothy D. "Tim" Cook; туған күні 1 қараша 1960) — "Apple" компаниясының бас директоры, алғашқы рет компанияға 1998 жылы келді. Стива Джобстың өз еркімен қызметінен босануына байланысты 2011 жылы 24 тамызда бас директор болып тағайындалды. Ашық гей.[1]

Тим Алабама штатының Робертсдейл қаласында балалық шағын өткізді. Әкесі верфьте жұмыс істеді, ал шешесі үй шаруасындағы әйел болды. Оның мансабы "IBM" компаниясында басталды, ол жерде 12 жыл бойы қызмет көрсетті. Артынша, ол 6 ай бойы Compaq компаниясында корпоративті ақпараттар вице-президенті болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Кук "Nike" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. 2007 жылы бас операциялық директор қызметіне тағайындалды. 2011 жылы қантарда "Apple" компаниясының директорлар кеңесінің мүшелері Тим Кукты бас директордың міндетін атқарушы қызметіне тағайындады. Бұл шешімнің себебі Стив Джобстың медициналық демалысқа кетуі еді. Стива Джобстың өз еркімен қызметінен босануына байланысты 2011 жылы 24 тамызда бас директор болып тағайындалды. Сол жылы оның жылдық айлығы мен басқарушының сыйлық ақысын қосқандағы жалақысы $380 млн. болды. Осыған қоса, Кук жалпы құны $442 млнға тең компания акцияларының иегері.

Тим Кук фитнес-энтузиаст және туристік сапарларға шыққанды ұнатады. Күн сайын жүгіріп өту үшін ерте тұрады. 2010 жылғы Орберн Университеттегі сөзінде жұмыс орын мен өмірлік жол таңдаудағы интуицияның маңыздылығы туралы жазған болатын.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]