Мазмұнға өту

Театр фестивальдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Театр фестивальдары – фестивальдардың ішіндегі ең көнесі. Оны драмалық шығармалар мен театр өнерінің мерекесі деуге болады. Классикалық грек театры деген кезде, Диониске арналған діни фестивальдар еске түседі. Ортағасырдағы мифтік шығармаларға негізделген көріністер христиан діни мерекелерінде қойылатын. Соңғы жылдары театр фестивальдары Уильям Шекспир немесе Бернард Шоу сияқты даңқты драматургтердің еңбектерін кеңі нен насихаттау мақсатында өтетін болды. Фриндж театр қозғалысы сияқты фестивальдарда жас драматургтер мен өнер жолын енді бастаған актерлердің еңбегін ынталандыру көзделеді. АҚШ штаты Солтүстік Каролинадағы Триангл театр фестивалін (ТТФ) ұйымдастырушы коммерциялық емес ұйымдар халыққа театр өнерін түсіндіру мен оның қасиетін, құдіретін ұғындыруды мақсат етеді. Сол үшін жыл сайын Триангл театр фестивалін ауқымды етіп өткізеді. Уильямстаун театр фестивалі жазда өтеді. Онда өнер биігінен көрініп жүрген әйгілі актерлер жиналып, көрермендермен тәжірибе бөліседі.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ФЕСТИВАЛЬДАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-455-4