Мазмұнға өту

Тартанаулы маймылдар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тартанаулы маймылдар (лат. Sіmіae catarrhіnae) – приматтар отряды тармағына жататын маймылдар тобы.

Тартанаулы маймылдар Төмен сатыдағы тартанаулы маймылдар және Адам тектес маймылдар болып 3 топқа бөлінеді:

Тартанаулы маймылдың танау тесіктері бір-біріне жақын орналасқан және олар төмен қарай бағытталған. Құйрығы едәуір ұзын, кейбір түрінде қысқа, магот пен адам тектес маймылдар құйрықсыз. Көбісінің терісі түксіз болып келеді. Тартанаулы маймылдың 32 тісі болады, азу тістерінің үстіңгі жағындағы бұдырлардың саны әр түрлі (церкопитекоидтарда 4, адам тектес маймылдарда – бесеу). Миы жақсы жетілген. Тартанаулы маймылдар ағаш басында, жартылай жерде тіршілік етеді, араларында тек жерді мекендейтін түрлері де бар. Көпшілігі үйір-үйірімен топтанып жүреді. Қрі түрлері жыныстық жағынан 8 – 12 жасында жетіледі. Көпшілігі баласын 5 – 6 ай, гиббон 7 ай, орангутанг 9 айдай көтереді. Негізінен жалқы кейде егіз туады. Таратнаулы маймылдар өсімдік жемісімен, жапырағымен, бүрімен, сондай-ақ жәндіктер мен олардың дернәсілімен, құс жұмыртқасымен, балапанымен, ұсақ омыртқасыздармен қоректенеді[1][2].

Тар танаулы маймылдардың танауының пердесі жұқа және танауы денесінің алдына қарай бағытталған. Құйрығы ешқашанда қармалағыш болмайды, кейбір түрлерінде мүлдем жойылып кетен немесе қалдықтары болады. Әдетте, ұрт қалтасы, жамбас сірісі болады. Тіс формуласы:

  • i2/2
  • c1/1
  • pm2/2
  • m3/3=32

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Все о животных. Млекопитающие, Минск, 2000; Вишняцкий Л.Б., Человек в лабиринте эволюции, М., 2004; Павлинов И.Я., Удивительная жизнь животных, М., 2004
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том