Танто
Танто (жапонша. 短刀 танто «қысқа қылыш») — самурайлар қанжары.
Дайындалуы мен құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Танто бір жүзді, кейде екі жүзі бар, ұзындығы 1 сяку (30,3см) болып келеді. Егер бұдан ұзын болса вакадзи болып кетеді. Танто имеет односторонний, иногда обоюдоострый клинок длиной до одного сяку (30,3 см). Танто кеуекті темірден (тамахаганэ) жасалуы керек және бамбуктың артқы ілмегіне мекуги түйреуішімен бекітілген алмалы сабы мен алынбалы домалақ цуба гардасы болуы керек. Танто әдетте хира-дзукури стилінді соғылады, яғни тегіс және қатты қырсыз болып шығады. Кейбір тантолар үш қырлы болады, ёроидоси деп аталып, сайыттарға тығуға арналған.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Танто тек қана көмекші қару ретінде қолданған (бастарды кесуге, харакири жасауға). Бірақ ешқашан пышақ ретінде қолданбаған(Оған арнайы кішкентай когатана пышағы болған болған).
Танто самурайларда көп қолданылған, бірақ оны дәрігерлер мен сайдагерлер қорғаныс қаруы ретінде де пайдаланған. Тіпті жоғарғы тап әйелдері оның кайкэн деген кішкентай түрін обиға (кимоно белдігі) жасырып ұстаған (қорғанысқа немесе өзін-өзі өлтіруге). Ең маңызды бекінісі тізе бүгіп, Фусими қамалы қоршауға алынған кезде оның қожайынының барлық отбасысы тұтқын болудан қашу үшін өз-өздерін өлтірген. Кейінірек бұл әрекет барлық самурайлардың ары мен адалдығының символына айналған екен.
Сонымен қатар танто қазірге дейін императорлық отбасының үйлену той рәсімдерінде қолданылады. Кейде бұны дайседа сето (екінші қылыш) ретінде де таққан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізі танто, вакидзаси және катана «әртүрлі өлшемдегі, бірдей қылыштар» деп есептелінеді.Алғашқы танто Хэйан кезеңінде пайда болған. Гэмпэй соғыстары кезінде самурайлар мәдениеті шарықтап, әскери жүйе де дамыды. Хэйон кезеңі аяқталып жатқанда жинаққа садақ, нагитана, ұзын қылыш пен танто кірген. Камакура кезеңінде жоғарғы сападағы, жақсы жасалған, Ёсимицу (ең танымал танто жасаушы) секілді шеберлердің жасаған тантолары шыға бастады. Танто жасау Муромати кезеңінде дамығанымен, Синто (жаңа қылыштар кезеңі) кезеңінде күрт төмендеді. Бұл кезеңде жасалған тантолар өте аз. Син-Синто («жаңадан жаңа» кезең) кезеңінде оларға сұраныс тағы да артып, өндіріс көбейді. Момаяма кезеңінде оның маңыздылығы төмендеді де, Эдо кезеңінде оны ешкім тақпайтын да болды. Мэйдзи Революциясы Токугава сёгундарын құлатып, өзінің жаңа императорлық билігін құрды. Император сарай қызметкерлері ескі дәстүрлерге қайта келіп, танто тағатын болды.
Мәдени маңызы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі Жапонияның ережелері бойынша танто ниппонның (жапон қылышы) бір түрі ретінде елдің құндылығы болып табылады. Тантоны тек қана лицензиясы бар ұсталар ғана жасай алады. Қазіргі таңда осы салада Жапонияда 300-дей адам белсенді жұмыс істеуде.
Әрбір танто лицензиялануға тиіс, тарихи тантолар да лицензияланады. Екінші Дүние Жүзі соғысында сериялық болаттан жасалған тантолар лицензиялана алмайды және жойылады. Бұл ұлттық дәстүрлермен байланысты.
Басқа түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кусунгобу — жапон салттық жіңішке, жүзі 29,7 см болатын қанжар. Практикада ёроидоси, танто, мэтэдзаси және кусунгобудің бәрі бірдей. Бұл қанжардың көмегімен самурай өзін-өзі өлтіру рәсімінде харакири немесе сэппуку жасаған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ tanto-gallery Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы.