Сұлтан Хасан мешіті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сұлтан Хасан мешіті

Сұлтан Хасан мешіт-медресесі - (араб.: جامع السلطان حسن‎) тек Каирдегі ғана емес, сонымен бірге бүкіл Ислам әлеміндегі ең үлкен мешіттердің бірі. Ғимараттың үзындығы - 150 метр, ал биіктігі 36 метрге жетеді. Ең үлкен минаретінің биіктігі - 68 метр. Мешіт ғимараты жеке орналасқан және үш қасбеті бар. Ал батыс жағында үлкен сауда кешені орналасқан.

Сұлтан Хасан мешітінің сәулет үлгісі Каирдегі көптеген тарихи ғимараттардың үлгісін біріктіреді. Мешіт - Мәмлүк сәулет өнері жауһарларының бірі. Мешіт әу баста жобаланғанда Исламның төрт мазхабы, яғни - Шафи, Малики, Ханафи және Ханбали мазхабтарының әрқайсысының жеке аумақтары болатындай етіп бөлінген. Сұлтан мешіттің құрылысы аяқталардан сәл бұрын қастандықпен өлтірілген.

Мешітті салуда қолданылаан тастар мен Гиза пирамидаларын салуда қолданылған тастар бір- біріне қатты ұқсайды. Мешіт-медресе Мұхаммед Әли көшесінің аяқталар тұсында, Мидах Салах әл-Диннің батысында және қамалдың солтүстік батыс дуалының сырт жағында орналасқан. Сұлтанды жерлеуге арналып салынған бөлмеге оның екі ұлы жерленген. Ғимаратты 1356 жылы Сұлтан Хасан бин-әл- Насыр Мұхаммад бин Қалауын мешіт әрі сүннит исламының төрт мазхабының діни мектебі деп жариялады. Келушілер кешенге жарықтандырылған сахнға бастайтын биік дарбаза арқылы кіреді. [1] Ол Каирдегі ең әсерлі тарихи ескерткіштердің бірі болып саналады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.
  2. Mosque-Madrasa Of Sultan Hassan in Cairo  (ағыл.). Тексерілді, 23 мамыр 2023.