Стерлинг көпіріндегі шайқас
Стерлинг көпіріндегі шайқас | |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Тәуілсіздік үшін соғыс | |||||||||
Қазіргі Стерлинг көпірі | |||||||||
| |||||||||
Қарсыластар | |||||||||
Шотландия | Англия | ||||||||
Басқарушылар | |||||||||
Эндрю Морей † Уильям Уоллес Роберт Бойд † |
Джон де Варенн, Суррей графы; Хью Крессингем † | ||||||||
Қарсы күштер | |||||||||
Атты әскер: 300 адам Жаяу әскер : 6 000 адам мен азын-аулақ садақшылар |
Атты әскер: 1000 адам Жаяу әскер: 9 000 адам | ||||||||
Әскери шығын | |||||||||
1000 қаза тапқандар және жарақаттанғандар | 6000 қаза тапқандар |
Стерлинг көпіріндегі шайқас (ағыл. Battle of Stirling Bridge) — Форт өзенінің бойындағы Стерлинг көпірінде болған, Шотландия тәуелсіздігі үшін бірінші соғыстың шайқасы. Күні - 1297 жылы 11 қыркүйек. Қолбасшылар - шотландықтар жағынан Уильям Уоллес және сэр Эндрю Морей, ал ағылшындар жағынан - Суррей графы, Джон де Варенн. Соғыс шотландықтардың жеңісімен аяқталды. Ағылшындардың әскеріне қарағанда, тек қана жаяу әскермен жасақталған Уоллес, өзен бойындағы тар көпірге қарама-қарсы, төбеде орналасты. Көпірдің тар болғаны соншалықты, тіпті, бірнеше адам осы жермен жүре алмады, сондықтан ағылшындардың өтуі баяу болды. Алдымен шотландық және ағылшын-валлилік садақшылардың атысы болды. Содан кейін, фалангі құрып, төрт метрлік найза және қысқа қылышпен қаруланған Уильям Уоллестің әскерлері, авангардтың өтуін күтіп, өткелден өткен ағылшындардың кішігірім контингентіне шабуыл жасады. Әскерінің бір бөлігі қырғынға ұшырап жатқанын көрген Суррей графы өткелден өтуді жылдамдатуға тырысты, нәтижесінде көпір құлап, кейбір рыцарлар суға батып, ал майданнан қашқан кішігірім бөлігінен басқаларын шотландықтар жойды.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Barrow, G. W. S., Robert Bruce and the Community of the Realm of Scotland, 1976.
- Brown, C., «William Wallace» 2005.
- Ferguson, J., William Wallace: Guardian of Scotland., 1948.
- «The Chronicle of Lanercost 1272—1346», ed. H. Maxwell, 1913.
- Nicholson, R., Scotland-the Later Middle Ages, 1974.
- Prestwich, M., The Three Edwards: War and State in England, 1272—1277, 1980.
- Traquair, P., Freedom’s Sword