Мазмұнға өту

Сталинград шайқасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сталинград шайқасы
Негізгі қақтығыс: Екінші дүниежүзілік соғыс
Ұлы Отан соғысы
[[Сурет:
жоғарыда

Сталинград шайқасы аяқталғаннан кейін қираған Сталинградтағы вокзал алаңындағы "Балалар дөңгелек би" субұрқақ (Сергей Струнниковтың суреті, 1943).
төменде

Сталинградтың Қирандылары
|300px|сурет]]
Дата

17 шілде 1942 жыл2 ақпан 1943 жыл
(5 ай, 1 апта және 3 күн)

Орын

Сталинград, Волгоград облысы, КСРО

Нәтиже

КСРО жеңісі

  • Нацистік Германия мен оның одақтастарының әскерлерінің жеңілісі
  • Шығыс майданда" ось " елдерінің әскерлері шабуылының сәтсіздігі
  • ЖШҚӘ қарсы шабуылының басталуы
Қарсыластар

Нацистік Германия
Италия
Румыния
Мажарстан

 КСРО

Қолбасшылары

Адольф Гитлер
"Дон" әскерлер тобы
Эрих фон Манштейн
"Б"әскер тобы
Максимилиан фон Вейхс
6-шы әскер
Фридрих Паулюс
4-ші танк әскері
Германн Гот
4-ші әуе флоты
Вольфрам фон Рихтгофен
369-шы хорват жаяу әскер полкі
Виктор Павичич
8-ші италиялық әскері
Итало Гарибольди
2-ші мажар әскері
Густав Яни
3-ші румын әскері
Петре Диметреску
4-ші румын әскері
Константин Константинеску

Иосиф Сталин
Александр Василевский
Координатор
Николай Воронов
Оңтүстік-батыс майдан
Николай Ватутин
Сталинград майданы
Василий Гордов
Андрей Ерёменко
Семён Тимошенко
Дон майданы
Константин Рокоссовский
62-ші әскері
Василий Чуйков
64-ші әскері
Михаил Шумилов
2-ші гвардия әскері
Родион Малиновский

Тараптар күші

Операция басталғанға:
430-мың адам
3000 зеңбірек пен миномет
250 танк және шабуыл қаруы
1200 ұшақ

1942 жылғы 19 қарашаға:
987 300-ден астам адам (оның ішінде):
Нацистік Германия
400 мың сарбаздар мен офицерлер
Румыния
143 300 сарбаздар мен офицерлер
Италия (1861-1946)
220 мың сарбаздар мен офицерлер
Мажарстан
200 мың сарбаздар мен офицерлер
Хорватия
4 мың сарбаздар мен офицерлер
10 250 пулемет, зеңбірек және минометтар
500-ге жуық танк
732 ұшақ (оның 402-сі ақаулы).

Операция басталғанға:
КСРО
386 мың адам
2200 қару мен миномет
230 танк
454 ұшақ
200 ұшақ Д.А
60 ШҚЖ

Кеңес Одағына қосымша 11 армия басқармасы, 8 танк және механикаландырылған корпус, 56 дивизия және 39 бригада енгізілді.

1942 жылғы 19 қарашаға:
780 мың адам.



Барлығы 1,140 миллион адам

Шығындар

бастапқы:
270 000 қызметкер
3000 артиллериялық қару
500 танк
600 ұшақ, қыркүйектің ортасына қарай 1,600.
Кеңестік қарсы шабуыл кезінде:
1,040,000 ер адам
400,000 + немістер
220,000 итальяндықтар
200,000 мажарлар
143,296 румындар
40,000 Хиви
10,250 артиллериялық зеңбірек
500 танк (140 румын)
732 (402 пайдаланушылық) ұшақ.
шамамен 1,500,000 адам

бастапқы:
187,000 қызметкер
2,200 артиллериялық қару
400 танк
300 ұшақ
Кеңестік қарсы шабуыл кезінде:
1,129,619 - 1,143,000 адам (қайтарымсыз және санитарлық шығындар)
Атыс қаруының 524,8 мың бірлігі
4,341 АБЖ
894 танктер
2,769 жауынгерлік ұшақ
15,728 қару мен миномет

Сталинград шайқасы — екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылмауын пайдаланып, кеңес-герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды.

Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігнде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экономика маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23-інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару-жарақтың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62-(қолбасшысы – ген.-лейтенант В.И. Чуйков) және 64- (қолбасшысы – генерал-майор М.С. Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қорғауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары, тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1942 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбіне жетті.

Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемл. Қорғаныс к-ті 12 тамызда Бас штаб бастығы ген.-полковник А.М. Василевскийді, 29 тамызда армия ген. Г.К. Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солт. жағынан ғана емес, оңт. тұстан да басып кірді. Неміс-фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті.

Қыркүйектің 15-іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді. 28 қыркүйекте Сталинград майданы – Дон (қолбасшысы генерал-лейтенант К.К. Рокоссовский) және Оңтүстік-Шығыс майданы (қолбасшысы ген.-полковник А.И. Еременко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Кеңес әскерлерінің стратег. қорғаныс операциялары барысында 1942 жылы шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан аса танкісінен, 2 мыңнан аса зеңбірегі мен минометінен, 1400 әскери және тасымал ұшақтарынан айрылды. Нәтижесінде жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.

Кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы 1942 жылы 19 қарашада басталды. Ол үш операциямен іске асырылды: “Уран” – Сталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу; “Кіші Сатурн” – Сталинградта қоршауға түскен неміс әскерлеріне батыстан және оңтүстіктен келетін көмектің жолын кесіп тастау; “Шеңбер” – Сталинградта қоршауға түскен фельдмаршал Ф.Паулюстің армиясын талқандау. Бұл міндеттерді іске асыру Оңтүстік-Батыс майдан (қолбасшысы генерал-лейтенант Н.Ф. Ватутин), Дон майданы (қолбасшысы генерал-лейтенант Рокоссовский) және Сталинград майданы (қолбасшысы генерал-полковник Еременко) әскерлеріне тапсырылды. Шабуылдың бесінші күнінде Оңтүстік-Батыс және Сталинград майдандарының алдыңғы шептегі бөлімшелері қосылды. Неміс әскерлерінің 300 мыңнан астам елеулі тобы қоршауда қалды. Қоршауға түскен әскерлерді сырттан соққы беру арқылы одан босатуға ұмтылған гитлерлік командование генерал-фельдмаршал Э.Манштейннің басшылығымен “Дон” армиясы тобын құрды, ол Сталинград тобына бұзып өтуді бастады. Манштейнге қарсы Ставка генерал-майор Р.Я. Малиновскийдің 2-гвардия армиясын бұрды. Оңтүстік -Батыс және Сталинград майдандарының ойдағыдай әрекет жасауы нәтижесінде 6 және 4-неміс танк армиясы, 3 және 4-румын, 8-итальян армиялары талқандалды.

Солтүстік Кавказда әрекет етуші неміс-фашист әскерлерінің тылына, Ростовқа шабуыл жасауға жағдай туды. 1943 жылы 10 қаңтарда Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кірісті. Қоршауда қалғандарға үздіксіз қызмет ететін әуе көпірін ұйымдастырмақ болған әрекеттерін кеңес авиациясы іске асырмай тастады. 1943 жылы 2 ақпанда генерал-фельдмаршал Паулюс қалған әскерімен тұтқынға алынды. Осы зор шайқас 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн-ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Оған қосымша фашистер 32-дивизиясынан және 3-бригадасынан айрылып, 16-дивизиясы ауыр соққыға ұшырады. Сталинград шайқасы 2-дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыстың басталуына негіз жасады. Неміс-фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі неміс халқына моральдық-саяси жағынан қатты әсер етті. Германия одақтастарының шығыс майданында соғысқа деген ықыластары болмады. Сталинград түбінде Венгрия, Италия және Румыния әскерлерінің жойылуы бұларға өте қатты әсер етті. Италия мен Венгрия соғыстан шығу жолдарын ойластырды. Түркия бейтараптылығын сақтап қалды. Жапония Кеңес Одағына шабуыл жасауды кейінге қалдырды. 1942 – 43 ж. антигитлерлік коалицияның құрамы өсіп, жау басып алған елдерде Қарсыласу қозғалысы күшейді.

Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Батыс Қазақстан станциялары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына тартылды. 1942 ж. 1 қыркүйекте Атырау қорғаныс көтерісті құрылды. 15 қыркүйекте облыстың мемл. қорғаныс к-ті соғыс жағдайын енгізді. Сталинград майданы әскери кеңесінің нұсқауы бойынша 1942 жылы 16 қазанда Орал майдан өңіріне, ал 10 күннен кейін КСРО ХКК-нің арнаулы қаулысымен әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Чапаев (қазіргі Ақжайық ауданы), Ушаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында 10 әуежай салынды. Ақтөбе облысының Байғанин, Жұрын, Шалқар, Ключев ауылдарында қорғаныс құрылыстары іске қосылды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 км ішкері орналасты. Сайхан, Жәнібек және Шұңғай станцияларында авиация бөлімдерінен басқа 1-танк армиясы мен 57-армияның қоймалары орналасты. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Атыраудан бастап, Жайық өзен бойлай Сталинградтан әкелінген “Волготанкер” кемелері, Каспий және Еділ флотилияларының әскери катерлері жүзіп жүрді. Жау Қазақстан аспанында 30-ға жуық ұшағынан айрылды.

Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 72 және 73-гв. атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. Даңқты 62-армияның құрамында 4 мыңға жуық қазақ болды. 64-армияның құрамындағы қазақстандық 29, 38-атқыштар дивизиясы сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаїармандығы үшін 72, 73 гв. атқыштар дивизиясы атанды, 73-гв. атқыштар дивизиясына “Сталинградтық” құрметті атағы қоса берілді. 1942 ж. 22 желтоқсанда “Сталинградты қорғағаны үшін” медалі тағайындалып, онымен 750 мың солдат пен офицер марапатталды. 112 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның төртеуі қазақстандық – ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші Қ.Сыпатаев. 1945 жылы 1 мамырда Сталинград (қазіргі Волгоград) қаїарман қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963 – 67 жылы Мамай қорғанында мемориалды кешен салынып, 1982 жылы “Сталинград шайқасы” музей-панорамасы ашылды.

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Великая победа на Волге, М., 1965;
  • Чуйков В.И., Сражение века, М., 1975;
  • Василевский А.М., Дело всей жизни, М., 1978;
  • Самсонов А.М., Сталинградская битва, М., 1982;
  • Жуков Г.К., Воспоминания и размышления, т. 2, М., 1983;
  • Белан П.С., Казахстанцы в битве на Волге, А.-А., 1990;
  • Аманжолов К., Екінші дүниежүзілік соғыс, А., 1995;
  • Аманжолов К., Тасболатов А., Қазақстанның әскери тарихы, А., 1999;
  • Война и общество. 1941 – 1945, кн. 1, М., 2004.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы

Пайдаланған сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]