Мазмұнға өту

Спидвей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Спидвей.

Спидвей — мұзда мотоциклмен жарыс түрі. 1989-90, 1992, 1994 жылдары "Медеу" мұз айдынында мотоциклмен жарысудан жекелей Әлем чемпионатының ақтық сайыстары өткізілді. 1989ж. 4-5 наурызындағы жарысқа Швецария, ГФР, КСРО, Финляндия, Австралия, Чехословакия командалары қатысты. Свенсон (Швец) жеңімпаз болды. 1990 ж. 24-25 ақпанда Финляндия, Швецария, Чехословакия, ГФР, КСРО командалары қатысты. Жекелей есепте Э. Акко (Финляндия) жеңімпаз болды, Спидвей жүлдыздары арасындағы мұзда мотоциклмен жарысудағы халықаралық бәсеке - "Медеудің үлкен жүлдесіне" (1992 ж. 29 наурыз) ТМД, Германия, Австралия, Швецария, Финляндия, Италия, АҚШ- нан спортшылар қатысты. Г. Слепухин (ТМД) жеңімпаз болды. Мұзда мотоциклмен жарысудан XXIX Әлемнің жекелей чемпионы "Гран- При" Қазақстанға (1994 20 қпан), Россияның, Германия, Швецария, Финляндия, Нидерлады, Италия, Чехияның, Норвегия және Қазақстанның спортшылары қатысты. В. Фадеев жеңімпаз болды, қазақстандық В. Чербаков (Рудный қ.) 11- нәтиже көрсетті.[1]

Жолсыз жерлердегі жарыстар ретінде әйгілі Спидвей мотожарыстың бір түрі болып табылады. Қазіргі заманғы спидвей Австралияда 1920 жылдарындан бастап белгілі болды, ал бірінші әлем чемпионаты 1936 жылы өткізілді. Ашық аспан астында, кәдімгі тас жолдарда өткізілетін скремблирлеу немесе мотокросс сияқты мотожарыстардың басқа да түрлерінен айырмашылығы спидвейде мотоцикл жүргізушілер арнайы сопақша тіректерде жарысады. Төрт мотоцикл жүргізуші қатысатын әр жарыс төрт айналымға созылады.Олар сақтану үшін кейімдері сай болады.Мұзада немесе құрғақ жерде мотоциклмен жарсады.


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Сұрақ және жауап. Энциклопедия