Солтүстік Шу жотасы
Солтүстік Шу жотасы | |
Солтүстік Шу жотасының негізгі тізбек етегіндегі жоғарғы Шаула көлі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы |
120 км |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
4173 м |
Орналасуы | |
Елдер | |
| |
Ортаққордағы санаты |
Солтүстік Шу жотасы — Алтай тауларындағы тау жотасы. Шу өзенінің (жотаның солтүстігінде) және Қаракем мен Шағанөзен өзендерінің (оңтүстігінде) суайрығы.
Жотаның ұзындығы шамамен 120 шақырымды құрайды. Жотаның ең биік биіктігіне жотаның негізгі мұздануы шоғырланған Біш-Иірду тау торабы деп аталатын орталық бөлігінде жетеді. Бұл жердегі жотаның орташа биіктігі шамамен 3600 м, ал бірқатар шыңдары 4000 м-ден асады (Маашейбас - 4173 м, Ақтура - 4044,4 м). Орталық бөлігінде шамамен 175 км² болатын 200-ге жуық мұздықтар бар, ең ірісі - Маашей мұздығы. Жота сазды тақтатастардан, құмдақтардан, әктастардан және метаморфтық жыныстардан тұрады. Терең бөлінген рельеф басым. Сағызқарағай-балқарағай тайгасы 2200-2400 м биіктікке дейінгі беткейлерде, одан жоғары - алпілік шалғындар мен тундра орналасқан.
Жақын елді мекендер - Иодро, Ақ бом, Шібіт, Ақтас, Қурай, Шағанөзен, Белтір (ескі), Инеген.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстік Шу жотасы аймағының климаты күрт континенталды. Оған күндізгі және түнгі температура, қыстың суық және жаздың қысқа жылы арасындағы үлкен айырмашылық тән. Жазғы күні биік таулы көлдердегі температура - Шаула, Маашей, Камрү және басқалар + 25°C градустан жоғары көтерілмейді, ал түнде 0°C дейін төмендеуі мүмкін.
Галереясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Төменгі Шаула көлі Солтүстік Шу жотасының фонында
-
Шаула аңғарының арт жағынан Солтүстік Шу жотасы шыңдарының көрінісі
-
Жота фонындағы Шу өзені
-
Солтүстік Шу жотасының Ештікөл үстірті мен Шаула аңғары арасындағы өткелден көрінісі
-
Солтүстік Шу жотасының фонында жоғарғы Шаула көлі