Скафандр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Скафандр (фр. scaphandre гр. skaphe — қайық және aner, andros — адам) — адамның қалыпты өмір сүруінен өзгеше жағдайдағы тіршілігі мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін бір кісілік герметикалық жабдық. Ол сыртқы қаптан, шлемнен және қолғап пен бәтеңкеден құралады. Дем алатын ауа қоспасын дайындау тәсіліне қарай скафандр желдеткішті (мұнда қоспа баллоннан шланг арқылы келіп отырады) және регенерациялы (мұнда арнаулы патронда көмірқышқыл газы мен ылғалдан тазартылған ауа оттекпен байытылып С-ға қайта пайдаланылады) түрлерге ажыратылады. 1) Ғарыштық скафандр авариялық-құтқару скафандры, ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр және аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандр болып бөлінеді. Авариялық-құтқару скафандрын ғарышкерлер ғарыш кемесі кабинасындағы атмосфера параметрлерінің есептелген мәннен ауытқуы кезінде пайдаланады. Ашық ғарыш кеңістігінде пайдаланылатын скафандр ғарышкерлерді метеориттерден, аса қызып кетуден не суынудан қорғайды. Аспан денесінің бетіне шығуға арналған скафандрдың көмегімен ғарышкер аспан денесінің бетінде өз бетінше қозғала алады. Оның сыртқы қабы жұмсақ және қатты болатын түрлері бар. Скафандр дың адамның буынына сәйкес келетін жерлерін топсалы етіп жасайды. Суыту жүйесі сумен суытылатын киімнен және суыту агрегаттарынан құралады. Скафандр дың шлемі жарық сүзгісімен жабдықталады. 2) Су асты скафандры — сүңгуірді сыртқы ортадан оқшаулайтын әрі су өтпейтін қабат түзетін сүңгу жабдықтарының бірі.[1]


Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том