Мазмұнға өту

Силифке

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Silifke from Silifke Castle

Силифке ( түр. Silifke) – Түркиядағы Мерсин иліндегі қала және аудан.[1].

Мерсин қаласынан 90 км қашықтықта орналасқан. Халық саны 550 327 мың адам (2008 жылғы халық санағының нәтижесі). Б.з.д. ІІ ғасырда Александр Македонскийдің қолбасшысы Селевк басшылығымен Силифке қаласының негізі қаланған. Кейін қолбасшы Селевк Селеквидтердің Сирия патшалығын құрған.

Қаланың көне атауы – Селевк. Киликиядағы ең маңызды қалалардың бірі болатын. Рим империясының қоластында болған кезде қала көркею шыңына жетеді. Византия кезеңінде Арабтардың шабуылдарынан кейін қала құлдырай бастайды.

ХІІ ғасырда қала киликия армяндары, византиялықтардың, кресшілер мен селжұқтардың арасында өткен соғыстың басты алаңына айналады. Кресшілердің қолбасшысы және герман императоры болған Фридрих І Барбаросса Силифке қаласының маңында атынан өзенге құлап, батып кеткен. XIII-XV ғасырларда қала Караманогуллардың, ал XV ғасырда Осман империясының құрамына өтеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B8%D0%BB%D0%B8%D1%84%D0%BA%D0%B5