Сел
Көрініс
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін қайта жазу қажет. Өтінеміз, осы мақаланы жетілдіруге көмектесіңіз. Талқылау бетінде ұсыныстар болуы мүмкін. |
Сел[1] (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан, яғни климат өзгеруінен пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
- Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.
- Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.
- Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұратын табиғат құбылысы.
Сел болған жылдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1887 жылы жер сілкіну әсерінен Алматы қаласында көлемі 440 млн. м3 болатын ірі тастарды ағызып әкелген күшті, лайлы сел болған.
- 1928 жылы қатты нөсер жауын салдарынан Іле Алатауының терістік беткейінде 20-дан астам сел болып өткен.
- Нөсер жауындардан соң 1921 жылы, 1941 жылы Кіші Алматы, 1950 жылы Үлкен Алматы, 1959 жылы.
- Текелі өзендерінде жойқын селдер болған.
Селдің алдын алу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1963 жылы шілде айында бірнеше тәулікке созылған ыстық аптаптың әсерінен мұздық пен қардың мол еруінен Жарсай мұздығындағы көл суы ернеуінен асып, жарты сағат шамасында Есік көліне шамамен 6 млн. м3 лай мен тасты ағызып әкелді.
- Сел қаупі күшті өзендерге бөгеттер салу, каналдар қазу, ағаштар отырғызу және алдын-ала болжау, халыққа хабарлау жұмыстарын ұйымдастыру сел апатының зардабын кемітетін шаралар. Алматы қаласын сел апатынан қорғау үшін 1966 жылы Медеу шатқалында дүние жүзінде алғаш рет тауды бағыттап қопару әдісімен Медеу бөгеті салынды. Ауданы 40 мың км2 жерге селге қарсы ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкциялық жұмыстар кешені жүргізілді. Селдің алдын алу мақсатында Қазақстанда “Қазселденқорғау” мекемесі құрылып, сел мониторингі ұйымдастырылған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |