Мазмұнға өту

Сары тал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сары тал

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Malpighiales
Тұқымдасы: Талдар
Тегі: Salix
Түрі: S. purpurea
Екі-есімді атауы
Salix purpurea
L.

Саыр тал (лат. Salix purpurea) – талдар тұқымдасына жататын , биіктігі 2-4 м бұта. Діңі жінішке, қабығының ішкі беті сарғылт, сыртқы көгілдір, жас бутақтары ұзын, туксиз, бети тегис, кабыгы сары не кара кошкыл. Жапырағы көкшіл сұр, пішіні сопақша келген қандауыр тәрізді, уз. 3-13 см, они 0,8-1,5 см. Наурыз – мамырда гүлдейді, гүл сырғасы жапырағымен бір мезгілде пайда болады, бүрінің уз. 3-5 мм. С.т. Бат. Еуропа, Солт.Африка, Кіші Азия, Монғолия, Жапонияда, КСРО-ның Европ. Бөлігінің оңтүстігінде, Қырым, Кавказ, Бат. Сібірде, Қазақстанда: Сарыарқада, Тобыл-Есіл алқабында, Ақтөбе Торғай обл-нда су жиегінде, ылғалды шабындықтарда өседі. С. Т-дын жінішке, солқылдақ ақ шыбығы қораб тоқуға пайдаланылады. Әсемдік үшін өсіріледі. Балды өсімдік, дін қабығында салицин бар, қаламшасынан жақсы өседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев