Ротилар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ротилар
атахоре роте
Бүкіл халықтың саны

275 000

Ең көп таралған аймақтар
 Индонезия

250 000

 Шығыс Тимор

25 000

Тілдері

роти тілі, индонезия тілі

Діні

католицизм

Ротилар (өз атауы: атахоре роте)[1]Индонезия аумағында тұратын халық. Жалпы саны 275 мың адам.[2] Индонезияда 250 мың адам, сонымен қатар Шығыс Тиморда – 25 мың адам тұрады.[3]

Тілі - роти тілі, негізгі диалектілері: баа, билба, бокаи, рингоу, колбаффо, денгка, унаме, ти, терману.[4] Индонезия тілдері кеңінен таралған.

Сенушілердің діни байланысы: католиктер.[5]

Олар қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады. Азық-түлік дақылдары – жүгері, тары, түйнек, күріш, тауарлы дақылдар – бұршақ, жержаңғақ, бұрыш, көкөністер, кофе, лонтар пальмасы, саго өндіреді. Ұсақ мал, шошқа, құс, бай ротилар - жылқы, буйвол ұстайды. Өзен жағалауларында балық аулаумен айналысады. Өру, керамика, тоқыма өнері дамыған. Көптеген ротилар әкімшілік аппаратта жұмыс істейді, ұсақ бөлшек саудамен айналысады.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Отбасы шағын, неке патрилокальды. Таулы аймақтарда ауылдық қауымдар мен христианға дейінгі нанымдар сақталған.

Дәстүрлі елді мекендері тау баурайында шоғырланып орналасқан, қабырғалармен қоршалған. Жаңа ауылдар түзу сызықты, тұрғын үйлері қаңқалы, тік бұрышты, төбесі биік болып келеді.

Дәстүрлі киімдері - каин мен жейделер, белгілі бір пішіні бар сабан қалпақ.

Азық-түлік - ащы дәмдеуіштер мен балық қосылған дәнді дақылдар мен түйнектер. Мереке күндері ет жейді.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]