Мазмұнға өту

Рорайма тауы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Рорайма
ис. tepuy Roraima
порт. Monte Roraima
Сипаттамасы
Аумағы

36 км²

Биіктігі

2810 м

Алғашқы шыңға шығу

1884 жыл (Эверард Терн мен Гарри Перкинс)

Орналасуы
Елдер

 Венесуэла
 Бразилия
 Гайана

Ортаққордағы санаты

Рорайма тауы (ис. Monte Roraima ис. ˈmonte roˈɾaima, басқаша атаулары Tepuy Roraima және Cerro Roraima; порт. Monte Roraima порт. ˈmõtʃi ʁoˈɾɐ̃jmɐ) - Пакарайма жырасының ең биік шыңы. Алғашқылардың бірі боп тауды ағылшын зерттеушісі Уолтер Рэли 1596 жылы суреттеген. Тау үш елдің шекара нүктесі болып табылады, олар:Венесуэла (таудың 85% территориясы), Гайана (10%) және Бразилия (5%).

Рорайма тауы Гвиана таулы үстіртінде, Канайма ұлттық саябағының аумағында орналасқан. Бұл тау кәрі таулардың бірі болып саналады. Оның жасы шамамен 2 млрд. жыл және ол прекембрий кезеңінде құрылған.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Рорайма өсімдіктері

Рораймада табылған көптеген өсімдіктер бірегей болып табылады. Таудың баурайында көбінесе жәндікжегіш өсімдіктер (Хелиамфора), қоңыраугүлдер (қоңыраугүл) және рапатеялар кездеседі. Бұл тауда күн сайын жаңбыр жауады. Таудың үсті жағының барлық аумағы негізінен құмдақ, кейбір жерлерде бұталар (боннетия) және балдырлар кездесу мүмкін. Жердегі көптеген нәрлі заттар нөсермен шайылып сарқыраманы құрайтын таудың шеті бойынша құлама су боп төгіледі.

Гвиандық арлекин

Тауда қызыл кітапқа енген Гвиандық арлекин бақасы кездеседі[1].

  1. Hoogmoed, Marinus IUCN Red List of Threatened Species. Oreophrynella quelchii.. IUCN 2012. Тексерілді, 13 желтоқсан 2012.