Риф Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Риф Республикасы (мойындалмаған мемлекет)
Герб {{{Септік}}}
Байрақ Елтаңба
Риф Республикасы мемлекеттік әнұраны
Тарихы
Құрылды 1921
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері Риф тілі
Елорда Аждир
Үкімет түрі Республика
Президент Абду-л-Карим
Мемлекеттік діні Ислам
Экономикасы
Валютасы Риффан
Қосымша мәліметтер

Риф Республикасы (1921 ж. қыркүйек-1926 ж. мамыр) - испан және француз отаршыларына қарсы ұлт-азаттық күрес барысында құрылған Риф таулы аймағы (Солт.Марокко) тайпаларының әскери-саяси бірлестігі. Заң шығаратын және әкімшілік жүргізетін жоғары өкімет билігі президент Абду-л-Карим басқарған сайланбалы Ұлттық жиналысқа қарады. Каид пен қауымдық кеңес (джамаа) бастаған тайпалар жергілікті әкімшілік бөлік болды. Отаршылдарды талай рет жеңгенімен, Риф Республикасы испан және француз әскерлерінің қысымымен 1926 жылы 27 мамырда құлады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 9-ші том.1976