Реаниматология
Реаниматология[1] (ре… лат. anіmatіo — тірілу және грек. logos — ілім) — медицинаның адам организмінің өмірлік маңызды қызметінің баяулауы мен оны қайтадан қалпына келтірудің негізгі заңдылықтарын зерттейтін саласы. Реаниматология 20 ғ-дың ортасында пайда болды. Реаниматология органдар қызметінің тоқтап қалуын алдын алу жолдары мен органдар жұмысының тоқтап қалмауына жағдай жасау (қарқынды терапия) мүмкіндіктерін, кенеттен әлсіреген организмнің негізгі қызмет атқаратын органдарының жұмысын арнайы әдіс, тәсіл және дәрі-дәрмекпен алмастыру жолдарын қарастырады. Реаниматология зерттеп, жетілдірген тәсілдер мен әдістерді тәжірибе жүзінде қолдануды реанимация (қ. Организмді тірілту) деп атайды. Арнайы құрал-жабдықты қажет етпейтін, кез келген жағдайда жүзеге асыруға болатын алғашқы жәрдем әдістері (қолдан тыныс алдыру, массаж) Реаниматологияның үлкен жетістігі болып саналады. Реаниматология саласында тез ойлап, жылдам шешім қабылдайтын, мед. құрал-аспаптарды шебер пайдалана алатын маман-дәрігерлер (реаниматологтар) жұмыс істейді. Кез келген хирург. операция реаниматологтардың қатысуынсыз өтпейді. Қазақстанда барлық ірі ауруханалар мен мед. ғыл. орт-тарда клиник. өлімге ұшыраған немесе өте ауыр халдегі ауруларды қабылдайтын реанимация және интенсивті терапия бөлімдері бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақша энциклопедия 7 том.
Толықтыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |