Рафинья (футболшы, 1985)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Рафинья Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Марсио Рафаэл Феррейра де Соуза

Туған күні

7 қыркүйек 1985 (1985-09-07) (39 жас)

Туған жері

Лондрина, Парана, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия Бразилия
Германия Германия

Бойы

172

Салмағы

68

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

клубсыз

Клуб карьерасы[* 1]
2002—2005 Бразилия Коритиба 37 (3)
2005—2010 Германия Шальке 04 153 (7)
2010—2011 Италия Дженоа 34 (2)
2011—2019 Германия Бавария 163 (4)
2019—2020 Бразилия Фламенго 32 (0)
2020—2021 Грекия Олимпиакос 14 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2002—2005 Бразилия Бразилия-20 8 (2)
2008 Бразилия Бразилия (олимп.) 6 (0)
2008—2017  Бразилия 4 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Марсио Рафаэл Феррейра де Соуза (порт. Marcio Rafael Ferreira de Souza; 7 қыркүйек 1985 жыл[1], Лондрина, Парана), Рафинья ретінде көбірек танымал (порт. Rafinha) — бразилиялық футболшы, қорғаушы.

Бразилия чемпионатында тұңғыш рет 2004 жылы 19 жасында "Коритиба" сапында алаңға шықты. 2005 жылы жазда "Шалькеге" ауысты. Алғашқы маусымда-ақ негізгі құрамға орнықты, 2006/07 жылғы маусымда "Шальке" сапындағы тұңғыш голын соқты.

2010/11 жылғы маусымды "Дженоада" өткізді.

2011 жылы 1 шілдеде "Бавариямен" үш жылдық келісім шарт жасасты. "Бавария" сапында 2013-19 жылдары үзіліссіз жеті рет Германия чемпионы атанды.

2019 жылы жазда "Фламенгоға" ауысып, қараша айында "Либертадорес" кубогын ұтып алды.

2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Кейін Ұлттық құрама сапында төрт кездесу ғана өткізді.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Парана штатының чемпионы (2): 2003, 2004
  • Бразилия чемпионы (1): 2019
  • Германия чемпионы (7): 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019
  • Германия кубогы (3): 2012/13, 2013/2014, 2015/16
  • Германия суперкубогы (3): 2012, 2016, 2018
  • УЕФА Чемпиондар лигасы (1): 2012/2013
  • УЕФА суперкубогы (1): 2013
  • Либертадорес кубогы (1): 2019
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (1): 2013
  • Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (1): 2008

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]