Мазмұнға өту

Прокурор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Прокурор - жедел іздестіру қызметін, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға: Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары, облыстардың прокурорлары және соларға теңестірілген прокурорлар, аудандық, қалалық прокурорлар, әскери прокурорлар, көлік прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, олардын орынбасарлары мен көмекшілері, прокуратурлардың қадағалау саласы жөніндегі прокурорлары, аға прокурорлары және прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары. Соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып табылады.

Телфорд Тэйлер

Прокурор айыпталушыға немесе оның іс-әрекеті үшін мүліктік жауаптылықта болатын тұлғаға:

1) өзінің дәрменсіз күйіне, айыпталушыға тәуелді болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетінше пайдалануға қабілеті жоқ жәбірленушінің;

2) мемлекеттің мүдделерін қорғап талап қоюға құқылы. Прокурор өзінің іс жүргізушілік өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз болады және заңға ғана бағынады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6