Платформа (көлік)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Платформа - жүк автомобилі шанағының, тіркеменің немесе жартылай тіркеменің жазық алаңша түріндегі бөлігі.

  • Ернеулі платформа - тасымалданушы жүкті орналастыруға арналған ернеулі платформа; әдетте бір немесе бірнеше ернеуі түсірілмелі болып келеді.
  • Шөмішті платформа - артқы борты жок өзіаударғыш автомобильдің шөміш немесе калак тәріздес платформасы.
  • Жылытылатын платформа - өзі аударғыш автомобильдің іштен жану козғалғышынан шыгатын ыстық газдар ететін қос қабырғалы платформа.
  • Аударғыш платформа – өзі аударғыш автомобильдің жүкті тұсіруге арналған арнайы көтергіш қондырғысымен бір шеті көтерілетін платформа.
  • Ұзартылған платформа – ұзын тұрақты жүк автомобилінің ернеулі платформасы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.