Пергам патшалығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Патшалық орналасқан жер

Пергам, Пергам патшалығы — Кіші Азияның солтүстік батысындағы құл иеленуші мемлекет. (б. з. б. 283—133 ж.). Астанасы — Пергам Эллинизм дәуірінде қолөнер, сауда, мәдениет орталығы болған. Пергам патшалығында құл иелену кең өріс алды, халық шектен тыс қаналды. Пергам патшалығы Селевки әулетімен, Македониямен, Галатиемен ұрыс жүргізді. Б. з. б. 2 ғасырдың басында Пергам патшалары (Аттал әулеті) Риммен одақтасып, б. з. б. 188 жылға дейін Кіші Азияның бат. аймағының үлкен бөлігін иемденді. Б. з. б. 199 ж. Пергам римдіктердің билігінде болып, Аристоник көтерілісі басылғаннан кейін Рим аймағы болып қалды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы , 9 том