Педофилия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мартин ван Маэле, La Grande Danse macabre des vifs («Тірілердің ұлы макабр биі»), 1905.

Педофилия (көне грекше: παῖς — «сәби» + көне грекше: φιλία — «махаббат», басқаша айтқанда инфантосексуализм, падерозия) — психикалық бұзылу, көптеген жыныстық ауытқулардың бірі. Бұл ауруға шалдыққан адамдарды педофил деп атайды.

Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-шы қарастырылуы (ХАК-10) бойынша V классқа жатқызылады (F65.4 коды): әдеттегіде ерте пубертатты немесе пубертат алды периодындағы балаларды (ұл балаларды немесе қыз балаларды, немесе екі топты да) жыныстық тұрғыда ұнату (ағылш. A sexual preference for children, boys or girls or both, usually of prepubertal or early pubertal age.). Психиатрия мен психологияда әдеттегіде пубертат алды немесе ерте пубертат жасындағы балаларды әрдайым немесе басымды ұнататын бұл тарихи-мәдени жағдайлар сипатталатын жыныстық нормадан ауытқу деп қарастырылады (парафилия, сексуалды девиация). Жалпылай алғанда «педофилия» деген сөз балаларға болатын жыныстық құштарлықты білдіреді. Ауызекі тілде бұл сөз тек қана пубертат алды немесе ерте пубертат кезеңіндегі балаларға жыныстық құштарлықты білдіру үшін емес, сонымен қоса кәмелеттік жасына жетпеген кез келген адамға жыныстық құштарлықты айту үшін қолданылады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]