Парсек
Көрініс
Парсек (пк)[1] – астрономияда қолданылатын үлкен қашықтықтың өлшем бірлігі. Парсек сөзі параллакс және секунд сөздерінің алғашқы үш әріптерінен шыққан. Парсек объектіге дейінгі арақашықтық. Жылдық параллаксы бір бұрыштық секундқа тең болатын қашықтық.
- 1 пк = а. е. ≈ 206 264,8 а. б. = 3,0856776×1016 м = 30,8568 трлн км (петаметр) = 3,2616 жарық жылы.
Сонымен қатар, еселік өлшем бірліктер де қолданылады. Мысалға, килопарсек, мегапарсек, гигапарсек және тағы да басқа. Ал миллипарсек, микропарсек секілді өте кіші сандар астрономияда қолданылмайды.
Кейбір арақашықтықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1 астрономиялық бірлік 4,848 микропарсекке тең;
- Күннен жарық жұлдыздарға (Проксима Центавр) дейінгі арақашықтық 1,3 парсекті құрайды.
- 10 парсекке тең арақашықтықты жарық 32 жыл, 7 ай, 6 күнде жүріп өтеді. Күннен жерге дейінгі арақашықты жарық 8,35 минутта жүріп өтеді. Күннен жерге дейінгі арақашықтық 4,8 мкпарсекті құрайды.
- Күннен біздің галактикамыздың центріне дейінгі арақашықтық - 8 000 парсек.
- Біздің галактиканың өлшемі - 30 000 парсек.
- Дева галактикалар жиыны бізден 18 000 000 парсек қашықтықта орналасқан.
Қосымша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D1%81%D0%B5%D0%BA
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7 т,