Палеоазия тілдері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Палеоазия тілдері - бір тілдері — солтүстікте және Солтүстік-Шығыс Сібірде тұратын генетикалық байланысы жоқ шағын халықтар тілдерінің шартты атауы (қ. Палеоазиялық халықтар). Палеоазия тілдері өзара жақындығына ңарай 4 топқа бөлінеді: чукот-камчат (чукот, коряк, алютор, керек және ительмен тілдері), эскимос, алеут (эскимос және алеут), юкагир-чуван (юкагир және [ жойылып кеткен чуван тілі), енисей (кет және жойылып кеткен котт, арин, асан т. б.). Генетикалық жеке топтағы нивх тілі де Палеоазия тілдері жатады. Палеоазия тілдерінің типол. жағынан да өзгешеліктері бар. Палеоазия тілдері негізінен агглютинативті болғанымен, кейбірінде инкорпорация, кейбірінде эргативті конструкция, енді бірінде префикс-жұрнақ немесе инфикс тәсілі басым болып қеледі. Дауыстылардың үндесуі, ассимиляция, диссимиляция т. б. фонет. заңдылықтар сақталған. Бұғы өсіру, аңшылық, табиғат құбылыстарын білдіретін сөздер бәріне ортақ. Орыс тілінен келген сөздер өзгеріссіз қолданылады. Совет лингвистерінің жіті зерттеулері нәтижесінде Солтүстік Азия мен Солтүстік Америка халықтарының орналасуын және олардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік туды.

[1]

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы ,9 том