Мазмұнға өту

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай
Лауазымы
Ту
Ту
Маңғыстау облысының әкімі
Ту
Ту
17 мамыр 2024 жылдан бері
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Нұрлан Ноғаев
Ту
Ту
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Ту
Ту
қазан 2022 — қаңтар 2023
қараша 2018 — маусым 2020
Ту
Ту
Ақтау қаласының әкімі
Ту
Ту
маусым 2020 — қазан 2022
Ту
Ту
Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және жол қатынастары комитетінің төрағасы
Ту
Ту
қараша 2010 — қыркүйек 2011
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Өмірбаяны
Білімі Алматы теміржол көлігінің инженерлері институты (1999)
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (2003)
Мамандығы инженер, экономист
Дүниеге келуі 10 сәуір 1978 (1978-04-10) (46 жас)
Бейнеу, Маңғышлақ облысы, Қазақ КСР, КСРО
Әкесі Игілік Қилыбай
Анасы Венера Қуанышбек
Жұбайы Баян Мұрлыбекқызы Мұратбаева
Балалары 2 ұлы бар: Ерасыл және Нұрасыл Игілік

Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай (10 сәуір 1978, Бейнеу кенті, Маңғышлақ облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылдан бері Маңғыстау облысының әкімі.

Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1999) «Теміржол көлігі бойынша тасымалды ұйымдастыру инженері» мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2003) «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еңбек жолын Ақтау қаласы "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау тасымалдау бөлімшесінің Маңғышлақ станциясының РЗД-16 станциясында кезекшінің практиканты болып бастаған.

02.12.1999 - 16.10.2000 - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызмет, Ресей.

19.10.2000 - 18.12.2000 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау тасымалдау бөлімшесінің Маңғышлақ станциясының РЗД "Р" станциясында кезекші, Ақтау қаласы.

21.12.2000 - 08.02.2001 - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола станциясының кіру жолындағы жүктерді қабылдау-тапсырушысының көмекшісі, Ақмола қаласы.

08.02.2001 - 23.08.2001 - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола станциясының кіреберіс жолдардағы қабылдау-тапсырушы, Ақмола қаласы.

23.08.2001 - 01.02.2002 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана станциясының кіреберіс жолдардағы жүктерді аға қабылдау-тапсырушысы, Астана қаласы .

01.02.2002 - 12.02.2002 - "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жүк тасымалдары" еншілес мемлекеттік кәсіпорны филиалының Астана станциясының аға жүк қабылдау-тапсырушы, Астана қаласы.

14.02.2002 - 03.07.2002 - "Инфрақұрылым" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының техникалық басқармасының техникалық бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.

03.07.2002 - 12.05.2003 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Магистральды темір жол желісі департаментінің Техникалық басқармасының инфрақұрылымдардың техникалық құралдарын модернизациялау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.

12.05.2003 - 06.10.2003 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Техникалық басқармасының қауіпсіз технологиялық процестерді ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

06.10.2003 - 05.01.2004 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Техникалық басқармасының қауіпсіз технологиялық процестерді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Астана қаласы.

05.01.2004 - 07.02.2005 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Магистральдық желі дирекциясы басқарушысының көмекшісі, Астана қаласы .

07.02.2005 - 01.06.2005 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің экономикалық және тарифтік саясат басқармасының темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жоспарлау және субсидиялау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Астана қаласы .

01.06.2005 - 05.10.2005 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының экономикалық талдау, болжамдау және бюджеттік бағдарламалар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, Астана қаласы .

05.10.2005 - 31.07.2006 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының экономикалық талдау, болжамдау және бюджеттік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

31.07.2006 - 28.01.2008 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетінің Экономикалық және тарифтік саясат басқармасының бастығы, Астана қаласы.

28.01.2008 - 10.10.2008 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің Темір жол көлігі басқармасының бастығы, Астана қаласы .

10.10.2008 - 10.06.2009 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы.

11.06.2009 - 12.01.2010 - "Вокзал-сервис" акционерлік қоғамының президенті, Астана қаласы .

12.01.2010 - 07.07.2010 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы, Астана қаласы.

07.07.2010 - 29.10.2010 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жолаушылар тасымалы жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы.

01.11.2010 - 10.01.2011 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы, Астана қаласы.

11.01.2011 - 16.09.2011 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, Астана қаласы.

29.09.2011 - 09.11.2011 - Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, Астана қаласы.

09.11.2011 - 25.06.2012 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы "Маңғыстау жол бөлімшесі" филиалының директоры, Ақтау қаласы.

25.06.2012 - 19.09.2012 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының міндетін атқарушы, Астана қаласы.

20.09.2012 - 08.08.2013 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы, Астана қаласы.

09.08.2013 - 08.09.2015 - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Басқарушы директор-Аппарат басшысы, Астана қаласы .

08.09.2015 - 22.11.2017 - "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (Президенті), Астана қаласы.

24.11.2017 - 06.06.2018 - "Теміржолсу" акционерлік қоғамының президенті, Астана қаласы.

06.06.2018 - 10.12.2018 - "Теміржолсу" акционерлік қоғамының Бас директоры-Басқарма төрағасы, Астана қаласы.

05.12.2018 - 25.06.2020 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласы .

26.06.2020 - 02.10.2022 - Ақтау қаласының әкімі, Ақтау қаласы .

03.10.2022 - 24.01.2023 - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласы.

26.01.2023 - 17.05.2024 - "ӨзенМұнайГаз" АК Бас директоры, Жаңаөзен қаласы.

17.05.2024 - осы уақытқа дейін - Маңғыстау облысының әкімі, Ақтау қ.[1]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтой медалі - 17.01.2006 ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 09.12.2013 ж., «Қазақстан Республикасының конституциясына 25 жыл» мерейтой медалінің иегері - 28.08.2020 ж.

Ұлты қазақ. Әкесі - Қилыбай Игілік, теміржолшы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бөлімінің бастығы. Анасы - Қуанышбек Венера, зейнеткер, сауда саласында жұмыс істеген.

Әскери атағы - сержант. Хоббиі - спорт, халықты әлеуметтік жағынан қолдау. Үйленген. Жұбайы - Мұратбаева Баян Мұрлыбекқызы, мамандығы - гинеколог дәрігер. Ұлдары - Игілік Ерасыл, Игілік Нұрасыл Нұрдәулетұлы.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы
  2. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2