Мазмұнға өту

Нормандия (аймақ)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Нормандия (айрық) деген бетті қараңыз.
Нормандия
фр. Normandie
норманд. Normaundia
Нормандия аймағының туы
Нормандия аймағының логотипі
(Аймақ туы) (Аймақ елтаңбасы)
Орналасуы
Нормандия аймағы белгіленген Франция картасы
Статусы Регион
Әкімшілік
Астанасы Руан (префектура),

Кан (аймақтық кеңес)

Ірі қалалары Гавр, Руан, Кан
Кеңес президенті Эрве Морен
(2016-2021; ЖО/ДТО)
Префект Фабьенн Буччо
Департаменттер 5 департамент
Кантондар 131 кантон
Коммунналар 2 885 коммуна
Ресми тілдері Ресми: француз
Аймақтық: норманд
Статистика
Халқы (9 орын)
 * 01.01.2017
(бағалаулар бойынша)
3 342 467 (5,0%)
 * 08.03.2017
(санақ бойынша)
 * Тығыздығы (6) 111,8[1]/км²
Жер аумағы1 29 906 км²
Уақыт белдеуі +1
1 Өзен, су, көлдерді және ауданы 1 км² астам мұздықтарды, сондай-ақ өзендердің эстуарийлерін санамағандаға жер реестрі бойынша.
Франция

Нормандия (фр. Normandie, норманд. Normaundia) — Францияның солтүстік-батысындағы аймақ және тарихи аймақ. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарында Жоғарғы және Төменгі Нормандия аймақтарының қосылуы нәтижесінде құрылды[2]. Тарихымен, фермаларымен, алма плантацияларымен және сүт өнеркәсібімен, әсіресе ірімшіктер: Камамбер, Ливаро және Пон-Л'Эвекпен танымал.

Біздің заманызға дейінгі 27 жылы Рим императоры Октавиан Август орталығы Лугдун қаласында (қазіргі Лион) орналасқан Лугдундық Галлия провинциясына Калет (Calètes) пен Велиокассты (Véliocasses) қосып, Галлия жерлерін қайта құрды. Нормандияның латынидалуы Рим империясының әдеттегі әдістері: римдік жолдарды салу және урбанизацияның белсенді саясаты арқылы қол жеткізілді.

Сент-Мишель тауындағы монастырь

Нормандия 9 ғасырда нормандықтарға (викингтерге) өткен Ұлы Карл франк империясының бөліктерінің бірі болған. Осылайша, Нормандия герцогтігі ретінде Викингтердің көсемі Роллон (Роберт Нормандиялық) құрды. «Нормандия» атауы Роллонның викингтерден, яғни нормандықтардан шыққанын көрсетеді.

Роллоның ұрпағы Уильям Жаулап алушы, Нормандия герцогы 1066 жылы Гастингстің шешуші шайқасынан кейін Нормандық жаулап алуы кезінде Англия королі болды. Англияның жаулап алуы, нормандықтардың Уэльс пен Ирландияға басып кіруіне ұласты.

Содан бері Нормандия бірнеше рет Англия мен Франция арасындағы дау-дамайлардың тақырыбы болды.

1204 жылы ағылшын королі Иоанна Жерсіз тұсында материктік Нормандияны Англиядан Филипп II қолбасшылығымен Франция жаулап алды, ал арал бөлігі (Норманд аралдары) Англияның бақылауында қалды. 1259 жылы Англия королі Генрих III Париж келісіміне сәйкес Францияның бүкіл Нормандияға иелік етуінің заңдылығын мойындады. Алайда оның мұрагерлері жиі континенттік Нормандияны бақылауды қалпына келтіруге тырысты. Француз Нормандиясы 1346—1360 жж. және 1415—1450 жылдардағы Жүз жылдық соғыс кезінде оккупацияланды.

Лилльбоннадағы Рим театры

1790 жылы Францияның тарихи провинциялары департаменттер болып қайта құрылды. 1919 жылы Үшінші республика кезінде Этьен Клементель (фран.) ((франц.) ) тұсында «экономикалық аймақтар» құрылып, экономикалық жоспарлаудың алғашқы әрекеті жасалды.

1944 жылы 6 маусымда американдық, британдық және канадалық әскерлер Нормандияға түсе бастады, осылайша Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропада Екінші майдан ашылды.

1941 жылы 30 маусымда Маршал Петен үкіметі аймақтық префектінің басшылығымен департаменттерді біріктірді. Олар 1946 жылға дейін созылды және 1960 жылы қайта құрылды, ал Нормандия Жоғарғы Нормандия және Төменгі Нормандия аймақтарына бөлінді. Бұл құрылым 2015 жылға дейін өзгеріссіз қалды.

2014 жылғы француз аймақтарының аумақтық реформасына сәйкес[3] Жоғарғы және Төменгі Нормандия бір аймаққа біріктірілді. Жаңа аймақтың құрылған күні 2016 жылдың 1 қаңтары[4].

Нормандия картасы

Жалпы ауданы 29 906 км² аймақ Франция метрополиясында оныншы орында. Ол елдің солтүстігінде орналасқан және оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Луара жерлері және Бретань аймақтарымен, оңтүстік-шығыста Орталық — Луар аңғарымен және Иль-де-Франспен, шығыста О-де-Франспен шектеседі. Солтүстіктен және батыстан аймақ Ла-Маншпен ұласады.

Францияның бес ұлы өзенінің бірі — Сена осы аймақ арқылы ағып өтеді.

Әкімшілік бөлініс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс 29 906 км² астам аумақты алып жатыр, халқы 3 342 467[5]. Халық тығыздығы (2017 жылғы жағдай бойынша) 111,8 адам./км² [6]. Облыстың әкімшілік орталығы — Руан, аймақтық кеңесі Кан қаласында орналасқан[7].

Департаменттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Департамент Елтаңба Ауданы Халқы Халық тығыздығы Префектура
14 Кальвадос
5548 км² 687 854 126,09 адам /км² Кан
27 Эр
6040 км² 591 616 99,67 адам /км² Евре
50 Манш
5938 км² 499 340 87,09 адам /км² Сент-Ло
61 Орн
6103 км² 290 015 49,39 адам /км² Алансон
76 Теңіздік Сена
6278 км² 1 253 931 203,24 адам /км² Руан

Ең ірі қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аймақтың ірі коммуналары (30 мыңнан астам тұрғыны бар) мыналар:

Қала Департамент Халық саны (2013)[8]
1 Гавр Теңіздік Сена 172 074
2 Руан Теңіздік Сена 110 755
3 Кан Кальвадос 107 229
4 Шербур-ан-Котантен Манш 80 878
5 Евре Эр 49 722
6 Дьеп Теңіздік Сена 30 214

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Метрополия аймақтары арасында
  2. LOI n° 2015-29 du 16 janvier 2015 relative à la délimitation des régions. Légifrance. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 желтоқсан 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2019.
  3. Collectivités territoriales : nouvelle organisation territoriale  (фран.). Assemblée Nationale (7 тамыз 2015). Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 желтоқсан 2015.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 1 қаңтар 2016.
  4. La carte à 13 régions définitivement adoptée  (фран.). Le Monde (17 желтоқсан 2014). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 мамыр 2020.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 1 қаңтар 2016.
  5. Bilan démographique 2017 : la population normande stoppe sa progression  (фран.). Institut national de la statistique et des études économiques. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 желтоқсан 2018.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2019.
  6. Panorama — Normandie  (фран.). Institut national de la statistique et des études économiques. Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 қаңтар 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2019.
  7. Les conseillers régionaux ont dit oui au nom Normandie  (фран.). Ouest-France.fr (2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 қыркүйек 2017.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 қаңтар 2019.
  8. Populations légales 2013 des départements et des collectivités d'outre-mer  (фран.). Institut national de la statistique et des études économiques. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қаңтар 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 28 желтоқсан 2015.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]