Нерон
Клавдий Цезарь Нерон[1] (Claudіus Caesar Nero) (37 – 68) – Рим императоры (54 – 68).
Толығырақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Юлий-Клавдийлер әулетінің өкілі. Алғашқы жылдары преторий префекті Бурр мен философ Сенеканың ықпалында болып, сенатпен келісіп билік етті. Кейінгі кезеңде өзіне қарсы шыққан сенат ақсүйектерін (Пизонның қастандығы, 65 жылы) ғана емес, басқа топтардың өкілдерін де қуғын-сүргінге ұшыратып, дүние-мүлкін тәркілеуге көшті. Клавдий Цезарь Нерон құрбандықтарының қатарында өзінің ең жақын туыстары (өз анасы да бар), көптеген аса көрнекті адамдар (Сенека, ақын Лукан, жазушы Петроний, т.б.) болды. 68 жылы Клавдий Цезарь Неронға қарсы провинциялардың наменгерлері (Виндекс, Гальба) көтеріліс жасады. Ірі әскербасылардың қолдауынан да айрылған Клавдий Цезарь Нерон Римнен қашуға мәжбүр болды және жолда өзін-өзі өлтірді. Бізге жеткен тарихи деректер Клавдий Цезарь Неронды өзімшіл, қатал әрі әумесер адам етіп суреттейді. Клавдий Цезарь Нерон мемлекеттік істермен айналысудан гөрі өзінің “артистік” өнерге құмарлығымен көзге түскен. Мемлекеттік істермен айналысуды жақтастары мен уақытша атқарушыларға тапсырған.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]<references>
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том