Мазмұнға өту

Монопод

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Монопод

Монопо́д (грек. μονος — бір и лат. pes — аяқ) — әртүрлі таяныштардың бір түрі.

Оның классикалық сызба таяныш мосыдан басты айырмашылығы - моноподта тек бір ғана тірек. Монопод фотоаппаратты қозғалудан толығымен құтқармайды, дегенімен ол қолға ұстап түсіргеннен қарағанда, ұсталымды бірнеше сатыға үлкейтіп қоя алады. Моноподтың басты басымдылығы - жинақылық: фотограф таянышпен бірге бір нүктеге байланады (ары-бері бұру уақытты алады). Бұл жағдайда фотограф моноподпен бірге қозғалып, тиісті ракурсты тауып ала алады.

Моноподты дұрыс қолдану кезінде үш аяқты таяныш тәрізді фотограф аяқтарын талтайтып, барлық денесімен өзіне еңкейіп тұрған моноподқа құлай тіреледі.

Монопдты қолданғанда колға аз салмақ түседі, сондықтан суретке түсіру кезінде камера мен объективті салмақпен ұстаудың қажеті жоқ. Кейде моноподты жоғарыдан, яғни басымыздан жоғары қойып түсіруге қолданады. Бұндай жағдайда түсіру үшін батырманы басатын арнайы құрылғы керек.