Мазмұнға өту

Мехико

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Мехико
ис. Ciudad de México
Үлгі:Lang-nah
Ту Елтаңбасы
Ту Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Мексика

Статусы

Астана

Федералдық округ

Федералдық астаналық округ

Ішкі бөлінісі

16 аудан

Үкімет басшысы

Хосе Рамон Аиева

Тарихы мен географиясы
Координаттары

19°25′10″ с. е. 99°08′44″ б. б. / 19.41944° с. е. 99.14556° б. б. / 19.41944; -99.14556 (G) (O) (Я)Координаттар: 19°25′10″ с. е. 99°08′44″ б. б. / 19.41944° с. е. 99.14556° б. б. / 19.41944; -99.14556 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1325

Қала статусы

1660

Жер аумағы

1680 км²

Орталығының биiктігі

2240 м

Тұрғындары
Тұрғыны

8 918 653[1] адам (2016)

Тығыздығы

5 904,66 адам/км²

Агломерация

21,2 млн[2]

Конфессиялар

Католиктер (90,5 %), протестанттар мен евангелисттер (3,6 %), басқа христиандар (1,3 %), иудеилер (0,2 %), басқа діндер (0,8 %), атеисттер мен агностиктер (2,9 %).

Этнохороним

мехиколық

Ресми тілі

Испан тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

55

Пошта индекстері

01000, 16999

Басқалары
ISO 3166

MX-DIF

webarchive.loc.gov/all/20020808031049/http://www.df.gob.mx/  (исп.)

Мехико картада
Мехико
Мехико

Мехико (ис. Ciudad de México, Үлгі:Lang-nah) — федералды округі мен Мексиканың саяси астанасы, экономикалық, өндірістік және мәдени орталығы. Әлемдегі Токио мен Сеулден кейінгі үшінші ірі қалалық англомерация; БҰҰ WUP2003 есебі бойынша оның аумағында 19,72 млн жұрт тұрады.

Ацтек соғыс құдайы Мехитли құрметіне аталған.

Географиясы және климаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мехико қаласы Мекиканың дәл орталығында орналасқан. Қала Мексика таулы өлкесінде орналасып, барлық жағынан таулармен қоршалған. Теңіз деңгейінен 2240 м биіктікте орналасқан.

Қала аспанында жыл бойы смог болады. Жиі болып тұратын жер сілкіністеріне қала тұрғындары үйреніп қалған. Ең ірі жер сілкінісі 1985 жылы 19 қыркүйекте 7сағат 19 минутта тіркелген. Бұл табиғи опаттың арқасында 100 метрлік теледидар мұнарасы құлап, 10 мыңнан астам қала тұрғындары қайтыс болған.

Климаты - субропикалық, қаңтардағы орта температура +12 °C, шілдеде — +17 °C. Жылғы орта жауын-шашын мөлшері  — 750 мм.

Қаланың мәдени маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Көркем өнерлер сарайы

Мекико қаласының ішкі жалпы өнімі 2008 жылы $390 млрд АҚШ $ құрап, әлемдегі сегізінші бай қала болып табылады.[3] Мексико қаласы Мексиконың ІЖӨ 21% өндірсе, ал мегаполис ретінде 34% өндіреді.[4]

Мехиконы жиі сәулет ескерткіштері мен мұражайлар қаласы деп атайды. Шыныменде, ескерткіштері мен өзіндік ерекше ғимараттар саны (Мехикода олардың саны 1400) бойынша Мексика астанасымен еш басқа қаланы салыстыруға болмайды. Мехико аумағында сонымен қатар 10 археологияллық бақ бар. Бұл қала барлық әлем өркениеттеріне әсер еткен көне мәдениетімен ерекшеленеді. Мехиконың негізгі туристік нысанасы — ацтектер үшкілдері (XIV ғ.), Ұлттық кафедралды щіркеуі (15631667 жж.),Хесус Насарено госпиталі ғимараты (XVI ғ.), муниципальды сарай (1720 ж.), қазіргі кезде президент резиденциясы мен елдің парламенті орналасқан Ұлттық сарай (1792 ж.), Саграрио Метрополитано шіркеуі (XVIII ғ.). XVIIXVIII ғасырларда салынған бірқатар ғибадатханалардың қала үшін үлкен зор маңызы бар.[5]

Халқы, тілі, діні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мехико халық саны 19,7 млн адам. Астана тұрғындарының жартысынан көбі — испан-үндіс метистер, шамамен 20 % — көне Мехико тұрғындары — үндістер, қалғандары — еуропалықтар. Мемлекеттік тілі — испан тілі. Мехико үнді тұрғындары ойынша тағы бірнеше тілдер де пайдаланылады, соның ішінде ацтек тілі (науатль), майя тілі, отоми. Сенушілер арасында католиктер (90 %) басым, аздаған протестантизм ұстанушылар да бар.

Туыс қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлгі:Cita noticia
  2. National Population Council Mexico City Metropolitan Area. Government of the State of Mexico.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 27 желтоқсан 2009.
  3. PricewaterhouseCoopers Emerging market city economies set to rise rapidly in global GDP rankings says PricewaterhouseCoopers LLP. UK Media Centre (ақпан 11, 2009). Тексерілді, 27 желтоқсан 2009.
  4. Mexico City GDP as compared with national GDP. Тексерілді, тамыз 19, 2010.
  5. Город Мехико — Столица Мексики Мұрағатталған 16 қаңтардың 2011 жылы.
  6. Städtepartnerschaft Mexiko-Stadt Мұрағатталған 3 желтоқсанның 2013 жылы.
  7. Documento de declaración de hermanamiento entre la ciudad de Dolores Hidalgo y la Ciudad de México Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2015 жылы.. Último acceso el 18/09/2008.
  8. México DF, otro hermano para Cádiz Мұрағатталған 15 қазанның 2019 жылы.
  9. Texto de la Conferencia dictada tras la firma del Convenio de Colaboración en el Bicentenario entre la Municipalidad de Rosario, Argentina, y la Ciudad de México Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2009 жылы..